Basty bet
Дауыс беру – азаматтық парыз
Ел мен жердің тұтастығы Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халық үшін маңызды. Тәуба! Біз тұғыры берік Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы екенімізді әрқайсысымыз мақтан тұтатынымыз анық. Қазіргі таңда елімізде халықтың әл-әуқатын арттыру және мемлекеттілігімізді нығайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазақстанның алдында ұлы мақсаттар тұр.
Елімізде әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалған. Қолынан іс келетін, қоғам ісіне белсене атсалыса алатын әрбір адамның жақсы өмір сүруіне, қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар.
20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні жайлы Үндеу жарияланғалы бері мен де өз таңдауымды жасауға асықпын. Себебі, мен ол күні тек өзімнің ғана емес, тұтас елімнің болашағы айқындалатынын анық білемін. Ол күні мен әдеттегідей өз сайлау учаскеме барып, сайлаушылардың алдыңғы қатарында боламын.
Маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға барша жұртты белсене қатысуға шақырамын. Бұл сайлау – әрбiр қазақстандықтарға үлкен жауапкершiлiк, азаматтық белсенділік жүктейді. «Менсіз де сайлау өтеді» деген кертартпа пікірден арылатын уақыт келді. Баршаңызды 20 қараша күні өтетін сайлауға белсенді қатысып, ұрпақ болашағы үшін таңдау жасауға шақырамын.
Дауыс беру – азаматтық парызымыз!
Тілеуқабыл НАРАЛИЕВ,
ардагер ұстаз.
Жуалы ауданының Құрметті азаматы