Basty bet

2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындылары

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындыларын жариялады. Деректер stat.gov.kz сайтында «2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы» бөлімінде орналастырылған.

Екінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (БҰҰ ФАО) қолдауымен 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтті. Ол шамамен 20 жыл ішінде осындай көлемдегі ауыл шаруашылығы саласына жүргізілген алғашқы зерттеу болды және 2006-2007 жылдардағы алдыңғы санақ кезіндегі өзгерістерді бағалауға мүмкіндік берді.

Жамбыл облысы бойынша санақпен 33 мың ауыл шаруашылығы құралымы мен 120,3 мың жеке қосалқы шаруашылық қамтылды. Ауыл шаруашылығы құралымдарын қамту – 96,2 пайызды, жеке қосалқы шаруашылықтарды қамту – 97,7 пайызды құрады.

Деректерді жинау цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүргізілді. Онлайн-санақтан ауыл шаруашылығы құралымдарының 98 пайызы және жеке қосалқы шаруашылықтардың 29 пайызы өтті. Респонденттерге барған кезде интервьюерлер планшеттердегі санақ парақтарын толтырды.

Санақаралық кезеңде ауыл шаруашылығы құралымдарының саны 109,9 пайызға 15,7 мыңнан 33 мыңға дейін өсті. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны – 0,5 мыңнан 1 мыңға дейін, ал шаруа қожалықтары мен фермерлік қожалықтар және жеке кәсіпкерлер – 15,2 мыңнан 32 мыңға дейін өсті.

Санақ қорытындылары интерактивті виджеттер мен дашбордтарда, электрондық машинада оқылатын кестелерде берілген.

Интерактивті құралдар аумақтар мен шаруашылық санаттарын салыстыруға, ал электрондық кестелер деректерді өз бетінше талдау үшін жүктеп алуға мүмкіндік береді.

Негізгі көрсеткіштермен қатар агротехнологиялар мен цифрлық шешімдерді қолдану, кооперация, қаржыландыру мен инфрақұрылымға қолжетімділік туралы мәліметтер жарияланды. Олар мемлекеттік органдарға қолдау шараларын жоспарлауға, бизнеске – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктерін бағалауға, зерттеушілерге саладағы өзгерістерді зерттеуге көмектеседі.

Ұлттық статистика бюросы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге және ел тұрғындарына санаққа қатысқандары үшін алғыс білдіреді!

2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындыларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://agro-census.stat.gov.kz.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы.

Таңдаулы материалдар

Close