Basty bet
Шорнақ ауылында 500 орындық заманауи мәдениет үйі салынып жатыр
Түркістан облысындағы Сауран ауданының орталығы – Шорнақ ауылында жаңа мәдениет үйі салынып жатыр.
13 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдағы нысан заманауи жабдықтармен қамтылады. Концерт залында арнайы акустикалық панельдер, үлкен LED экран және сахнаны жылыту жүйесі қарастырылған.
🎭 Құрылысшылардың айтуынша, бұл Сауран ауданындағы ең көрікті мәдени нысандардың біріне айналмақ.