Basty bet

Құрылыс қарқыны – ел дамуының нақты көрсеткіші

Елді мекендердің келбеті, тұрғындардың өмір сүру сапасы және экономиканың даму қарқыны ең алдымен инфрақұрылымның жай-күйімен өлшенеді. Жол, тұрғын үй, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілердің сапалы болуы – халықтың күнделікті тұрмысымен тікелей байланысты.

 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында құрылыс саласын дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды сапалы жүзеге асыру және өңірлердің әлеуетін арттыру мәселелеріне басымдық берілуі бекер емес. Себебі құрылыс – экономиканың бірнеше саласына қатар серпін беретін маңызды бағыт.

 

Бұл саладағы әрбір жоба жаңа жұмыс орындарының ашылуына, отандық кәсіпорындардың дамуына және елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңаруына ықпал етеді. Сондықтан құрылыс жұмыстарында тек нысан санын арттыру емес, оның сапасы мен ұзақ мерзімді тиімділігіне де баса назар аудару қажет.

 

2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» ретінде айқындау бастамасы да осы бағыттағы жұмыстардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Мұндай қадам құрылыс саласына жаңа серпін беріп, тұрғын үй, жол, мектеп, медициналық мекеме және инженерлік инфрақұрылым нысандарын дамытуға тың мүмкіндіктер ашады.

 

Жуалы ауданында да елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауыз сумен қамту, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, балалар ойын алаңшаларын салу және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру – аудан дамуының маңызды бағыттары.

 

Әсіресе ауыз су мәселесін шешу, жол қатынасын жақсарту және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру ауыл тұрғындарының өмір сапасын тікелей жақсартатын жұмыстар саналады. Мұндай жобалардың нәтижесі тұрғындардың күнделікті тұрмысынан көрініс табуы тиіс.

 

Құрылыс саласындағы басты талап – сапа, жауапкершілік және мерзімнің сақталуы. Бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі, мердігер ұйымдардың міндеттемелерді толық орындауы және атқарылған жұмыстарға тиісті бақылау жүргізілуі әрбір жобаның нәтижелі болуына негіз болады.

 

Өңірлердің дамуы – тұтас елдің өркендеуінің көрсеткіші. Ал сапалы инфрақұрылым – сол дамудың берік іргетасы. Сондықтан құрылыс пен жаңғырту жұмыстарының басты өлшемі салынған нысандардың санымен емес, халыққа әкелген нақты игілігімен бағалануы керек.

Таңдаулы материалдар

Close