Basty bet

Даналықтың қайнар көзі

Биыл ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы. Елімізде Абайдың мерейтойын тойлауға арналған іс-шаралар басталып кетті. Біздің ауданда әрбір білім мекемелері арнайы жоспар құрып, жұмыс істеуде.
Абай шығармашылығы – даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі. Абай тойы – халқымыздың рухани тойы. Біз Абай тойын тойлай отырып, жас ұрпақтың бойына білім мен өнерге, адал еңбекке деген құлшынысты сіңіреміз.
Абай әрдайым құрғақ ақыл айтудан аулақ болған. Ақынның шығармашылығы адамзаттың бойына тумысынан берілген рухани адамгершілік құндылықтарды сақтауға, дамытуға үндейді, асыл арманға жетелейді.
Абайдың қарасөздері – үлкен философиялық еңбек. Абайдың шығармашылығы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы.
Абай тойы осы тұрғыдан алғанда ғажап той. Оқуға уақыт таппай немесе ұмытып жүрген Абай мұраларын қайта оқып, рухани кемелденуге үлкен мүмкіндік туды.
Абай – барша қазақтың мақтанышы. Ұлы ақын, биік парасат иесі Абайдың есімі, шығармалары халықтың жадында мәңгі сақтала береді және жаңа ұрпақпен бірге жасай береді.

Фариза Болысбаева,
«Аягүл» балабақшасының
тәрбиешісі

Таңдаулы материалдар

Close