Basty bet
Басты мақсат – азаматтар үніне құлақ асу
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді, әрі орнықты мемлекетке айналғанын тілге тиек ете отырып, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару үшін Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе алатынымызды алға тартты.
Жолдауда қозғалған үлкен мәселелердің бірі – мұғалімдердің еңбекақысын екі есеге көтеру, яғни 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысының 25 пайызға артуы.
Бұл, жаңадан сайланған Президенттің алғашқы Жолдауы болғандықтан, ел арасында қатты қызығушылық тудырды. Бұл Жолдау Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасының негізінде жасалғанын ескерсек, оның мемлекет дамуында елеулі үлес қосатыны және президенттік басқарудың басты бағыттарын белгілейтіні анық. Әлемдік экономикада туындаған қиындықтар мен алып дамыған экономикалар арасындағы жаhандық сауда соғыстары Қазақстанның экономикасына да теріс әсер етуде.
Осы орайда, Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруы, ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізу міндеттері экономиканы көтеретініне біз сенімдіміз. Бұл Жолдаудың басқа Жолдаудан негізгі ерекшелігі – мемлекеттің экономикаға көзқарасының түбегейлі өзгеруі. Мұның ішінде мемлекеттің экономикаға әсері мемлекеттік секторлардың бәсекелестік нарыққа көңіл бөлуі, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін талдау бойынша мемлекеттік компаниялардың санын азайту туралы берген тапсырмалары – инклюзивті экономикаға апаратын жол.
Бұл қадамдардың мемлекетте бәсекелестік нарығын дамытып қана қоймай, сонымен қатар, шағын және орта бизнестердің дамуына зор үлес қосуына, болашақта ел экономикасын жаңа белестерге жеткізетініне сенімдіміз. Осы орайда, Президентіміз шағын және орта бизнеске жасалатын жеңілдіктер мен қолдаулар мемлекет тарапынан одан әрі қолдау табатынын нық сеніммен айтуда. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл қаржылық қолдау «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында үш жылдың ішінде 250 млрд теңгеге дейін қосымша бөлу туралы Үкіметке берген тапсырмасы, бұл саланы дамыту ол мемлекет саясатының басты бағытына айналатынын көрсетіп отыр.
Бұл шаралар атап айтқанда, ең алдымен мемлекет тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Мемлекет дамуы халықтың табысына тікелей әсер етеді.
Табыстың көтерілуі ол мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсартатынын ескерсек, бүгінгі Жолдау үлкен үміт пен болашаққа деген нық сенімді оятып отыр.
Назира Құлманова,
Жамбыл ауданаралық әділет басқармасының басшысы