Qoǵam

Скрининг – қауіпті аурулардан сенімді сақтану

Әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтау мен алдын алудың аса тиімді тәсілдерінің бірі халықты профилактикалық (скринингтік) тексеріп-қарау болып табылады. Скринингті жүргізу емдеудің тиімділігін арттырып, аурудың асқынуының алдын алады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 995 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы №685 «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
2008 жылдан бастап Ұлттық скринингтік бағдарламаға қан айналымы жүйесі ауруларын, ісікалды жағдайды және сүт безі мен жатыр мойыны обырын ерте анықтау кіреді. 2011 жылы скринингтік тексеру қант диабеті, глаукома, ісікалды ақау және тоқ және тік ішек обырын (колоректальді обырды) ерте анықтауға тексеріп қараумен кеңейтілді.
Белгілі бір жасқа келгенде, әрбір адам жүйелі түрде профилактикалық медициналық қараудан (скрининг) өтуі керек. Бұл емшара ауруды ерте кезеңде анықтауға, сондай-ақ болашақта қауіпті аурулардың себебіне айналуы мүмкін қауіп факторларын анықтауға көмектеседі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйе қатысушыларына дер кезінде қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді. Барлық скринингтік зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жасалады.
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексерунен 2 жылда 1 рет кезеңділікпен 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер қамтылады.
Медициналық қарауға мыналар кіреді:
– қан қысымын өлшеу;
– қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау.
Диагностикалық емшара немесе талдау нәтижесінде күмән, күдіктену туатын болса, емделушіге электрокардиография, кардиолог немесе эндокринолог қарауы тағайындалуы мүмкін.
Сонымен қатар, глаукоманы ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру 2 жылда 1 рет кезеңділікпен 40, 42, 44, 66, 68, 70 жасқа толған ерлер мен әйелдерге көз іші қысымын өлшеу үшін емханаға келулері қажет.
Сүт безі обырының алдын алу немесе сәтті емделетін ерте кезеңін анықтау 2 жылда 1 рет кезеңділікпен 40,41,42,43,44………..64,65,66,67,68,69,70 жастағы әйелдер сүт бездерінің рентгенологиялық зерттеуінен (маммография), маммологтың қарауынан өтуі керек.
Егер маммография немесе қараудың қорытындысы бойынша дәрігерде күмән, күдік туатын болса, ол емделушіні онкологтің қабылдауына жіберуі мүмкін.
Жатыр мойны обырының алдын алу және оны ерте анықтау 4 жылда 1 рет кезеңділікпен 30, 31, 32, 33, 34, 35…… 62, 63,64,65,66,67,68,69,70 жастағы әйелдер жатыр мойнынан жағынды тапсырады (одан әрі жиналған материал цитологиялық зерттеуге жіберіледі), гинекологқа қаралады.
Сондай-ақ, емделуші әйелдерге кольпоскопия тағайындалуы мүмкін (көрсетілімдер бойынша) – бұл қынап кіреберісін, оның қабырғаларын және жатыр мойнының қынап тұсын диагностикалық қарау.
Колоректалдық обырды ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру- 2 жылда 1 рет кезеңділікпен 50,51,52,53,54………65,66,67,68,69, 70 жастағы ерлер де, әйелдер де өтеді. Скринингке нәжісті жасырын қанға талдау кіреді. Сонымен қатар, дәрігер (көрсетілімдер бойынша) тоқ ішектің эндоскопиялық зерттеуін (колоноскопия) тағайындауы мүмкін.
Скринингтен тұрғылықты жері бойынша емханада тегін өтуге болады. Осы қарапайым ережелерді орындай отырып, сіз қауіпті аурулардан өзіңізді қорғап, өз өміріңізді ұзартасыз.
Сонымен қатар, созылмалы, ісікалды аурулар мен қатерлі ісіктерді ерте анықтау мақсатында ауруының сипатына қарамастан амбулаториялық-емханалық ұйымға жыл ішінде бірінші рет қаралған барлық әйелдер мен ерлерді, әсіресе егде жастағы (65 жастан асқан) тұрғындар міндетті профилактикалық тексеріп-қараудан өтуі тиіс. Бұл контингент (егде жастағы) жасы келе ағзаның реактивтілігінің төмендеуі, гормоналды гомеостаздың өзгерістері мен зат алмасу процестерінің бұзылуының әсерінен қатерлі ісіктердің қаупі туындауы мүмкін.
Денсаулығыңызды күтіңіз, медициналық қараудан уақтылы өтіңіз!
Динара Даниярова,
АОА профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close