Qoǵam

Сыбайластыққа ынтаны азайту маңызды

Сыбайлас жемқорлықпен барлық мемлекеттік органдарымен және де Қазақстан Республикасы азаматтарымен сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша мақсатта бағытталған жұмыс жүргізу қажет. Мемлекеттік органдар алдына тұрған міндеттерін адал және нақты атқарумен ғана сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресте қоғамның ынтымақтастығы, елді құқықтық тәртіппен қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарының өз мүдделігі болған Қазақстанда сыбайлас жеқорлықты жолатпау мүмкіндігі болды.Ол тәуелсіз егеменді, құқықты мемлекеттің даму жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Мемлекеттік қызметпен айналысатын тұлға салық заңнамалары бойынша бекітілген тәртіппен өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын салық органына ел аумағындағы немесе шетелдегі салық салынатын нысанына байланысты кірісі мен мүлкі туралы декларациялар тапсырады. Негізі декларация тапсырмау, жалған мәліметтер беру егер атқарған жұмысында қылмыстық белгілері болмаса, тұлғаның мемлекеттік немесе соған теңестірілген міндетті атқаруына тыйым салудың немесе қызметінен босатып көрсетілген тәртіп бойынша мемлекеттік қызмет міндеттерін орындауына шектеп қоюдың негізі болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік салық органының жұмысы осындай келеңсіз көріністерге қарсы принципті күрес негізінде адам құқы мен азаматтардың еркіндігі, ұлттық қауіпсіздігімізді сақтауға, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы бағытта өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үдесінен шығатынымыз сөзсіз.

Әсия Өмірбаева,
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close