El іshі
Қауіпсіз мектеп автобусы
2019 жылғы 18 қарашадағы ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтың тапсырмасын және ҚР Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2019 жылғы 22 қарашадағы XXV отырысы хаттамасының 4-тармағының 2) тармақшасын орындау мақсатында 2020 жылдың 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияға ауданымыздағы оқушы тасымалы бар тоғыз мектеп (№3 Қ.Қошмамбетов атындағы ОМ, №4 Қ.Сағындықов атындағы ОМ, №6 А.Пушкин атындағы ОМ, №9 Абай атындағы ОМ, №10 Күреңбел ОМ, №16 С.Сейфуллин атындағы ОМ, №24 Т.Рысқұлов атындағы ОМ, №25 Ақтөбе ТМ және №26 Жаңаталап ОМ) қатысты. Қазіргі таңда тасымалданатын 9 орта мектепте 10 автобуспен барлығы 497 оқушы тасымалданады.
«Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясын ұйымдастыру барысында білім бөлімінің 2020 жылғы 26 қаңтарында №55 бұйрығының негізінде комиссия құрылып, жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шараға сәйкес «Қауіпсіз жол!» тақырыбында жол ережелеріне сәйкес саяхат сабағы, сурет байқаулары, «Жолда жүру ережесін білсең, өміріңе қажет болады!» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстелдер, «Біз қауіпсіз мектеп автобусы үшін!» атты ұранымен тарихи бейне көрсетілімдер, тәрбие сағаттары өткізілді.
Сондай-ақ, №25 Ақтөбе тірек мектебінде (РО) «Абайлаңыз, автобуста балалар!» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – елді мекеннің оқушыларын тасымалдайтын көліктің техникалық жағдайы мен тахографтардың бар болуын және олардың жарамдылығы туралы құжаттарын тексеру, жүргізушінің денсаулық жағдайы үнемі тасымалдау алдында медбикенің тексеруінен өтіп отыратындығына көз жеткізу.
Акция барысында оқушыларға, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналарға арналған қауіпсіздік техникалары бойынша нұсқаулықтар беріліп, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқу-жаттығулар өткізілді. Аталған акция барысында оқушыларға жол ережелері туралы мағлұмат беріліп, қоғамдық көлікте қауіпсіз жүріп-тұру негіздері түсіндірілді. Шараға кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ЮПТ-ның аға инспекторы Е.Рақымбек, ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар қатыстырылды.
Аудан әкімдігінің білім бөлімі