Basty bet
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздің денсаулығыңызды қорғау мақсатында коронавирустық инфекцияның алдын алудың келесі шараларын сақтауды ұсынамыз:
– Үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
– Күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
– Қолды сабынмен жиі жуу;
– Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (орамал, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
– Дене температурасы бар адамдарға қоғамдық орындарға бармау және медициналық көмекке уақтылы жүгіну қажет, сондай-ақ жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтелу әдебін сақтауы қажет (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданатын орамалдармен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз);
– Коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген елдерге жол жүруден мүмкіндігінше бас тарту.