Basty bet

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

2019 ЖЫЛҒЫ 9 МАУСЫМ
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы
Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін болады.
Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз конституциялық сайлауға қатысу құқығыңызды іске асырудың кепілдігі болып табылады.
Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.
Қазіргі уақытта Сіз тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесіндегі тізімдегі өзіңіз туралы деректердің дұрыстығын тексере аласыз. Қателіктер жіберілген немесе сайлаушылар тізіміне енгізілмеген жағдайда, Сіз учаскелік сайлау комиссиясына өтінішпен жүгіне аласыз, аталған комиссия өтінішті келіп түскен күні қарайды.
Сонымен қатар, елді мекеніңізден тысқары жерге баратын болсаңыз, Сізге дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі еліміздің кез келген учаскесінде дауыс беру мүмкіндігін береді. Есептен шығару куәлігін Сіз 8 маусым күнгі сағат 18:00-ге дейін жазбаша өтінішіңіздің негізінде және Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды көрсете отырып, өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясынан ала аласыз.
Бір елді мекеннің шегінде есептен шығару куәліктері берілмейді.
Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясы есептен шығару куәлігіңіз бен Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды көрсеткен кезде Сізді болатын жеріңіз бойынша сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Егер Сіз сайлау күні денсаулығыңыздың жағдайына немесе отбасының сырқат мүшесін күтуіңізге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын болсаңыз, Сіз 9 маусым күнгі сағат 12:00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясына үйіңізде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтініш беруге құқылысыз. Сайлау учаскелері құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда тұратын сайлаушылар да бұл құқықты пайдалана алады. Учаскелік сайлау комиссиясы жазбаша өтінішіңіздің негізінде Сіздің үйіңізде дауыс беруді ұйымдастырады.
Сайлау комиссияларының міндеті – барлық сайлаушыларға дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
СІЗДЕРДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ!
СІЗДЕРДІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ КҮТЕМІЗ!

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close