Ádebıet

Абайға арнау

 

Тегінде өмір сүрген хакім Абай,
Ол туралы айтылды сөздер талай.
Жақсы сөздің жаманы жоқ, мен айтайын,
Бас ақынның өмірі болған қалай?

Жұлдыздай көк аспанда жарқылдаған,
Әрбір айтқан сөзіңді ел тыңдаған.
Жүрегінде бар шығар қайнап жатқан,
Өзендей сөз патшасы сарқылмаған.

Абайдай қайталанбас, тумас бала,
Жастайынан атанған жеке дара.
Өлең сөзге ғашық боп, сан өнерлі,
Болған-ды өз халқына Абай дана.

Әкесі Құнанбайдан тәрбие алған,
Әжесінің ақылын естіп өскен.
Интернатта оқиды өсе келе,
Қалмайын деп білім деген ұзақ көштен.

Өз жадынан шығарып өлеңдерін,
Жазған-ды аудармалар кемеңгерім.
Пушкинмен, Лермонтовпен кездесіпті,
Халқына жария етіп өз еңбегін.

Адамдар көп аңсаған азат таңын,
Өзін емес өзгенің ойлап жанын.
Азат күнді Абай да ойлап өткен,
Сан жылдар бұрын-ақ халық қамын.

Абай ақын – ұлы ақын шынында,
Талант керек ол кісіні ұғуға.
Білім керек деп хакім Абай,
Жазған екен мағыналы жырында.

Елі үшін жұлдыздай боп жана алған,
Абай дана халқы үшін жаралған.
Бәрі үшін арман барма дүниенің,
Кетігіне кірпіш болып қаланған.

Абайдың өлеңдерін оқы, аш та,
Ол өлеңнен артықпа өлең басқа.
Егер де өлең сөзге құмар болсаң,
Жас ақыным алдымен Абайдан баста.

Әр өлеңі үйретеді кеңдікті,
Әр өлеңі үйретеді ерлікті.
Абай атам қазақтан шыққан,
Дара тұлға,дана тұлға ең мықты.

Еркін елге қолымыз жетті азат күн,
Отанымыз күйін кешіп ғажаптың.
Әрбір сөзі кішіге үлгі болар,
Мәңгі жаса, Абайы кең қазақтың.

Қымбат Тұрлыбай,
М.Ғабдуллин атындағы
орта мектептің
9 сынып оқушысы

Таңдаулы материалдар

Close