Ádebıet

Жасай бер, мәңгі қазағым!

Дәстүр-салтын сақтаған,
Дін Исламды жақтаған.
Мәңгілікке ұмтылған,
Алаш деген ел болам.

Мұсылманның тірегі,
Қашанда бар серігі.
Жүрегінде иманы,
Бір Аллаға сенеді.
Жатталып қалған жадымда,
Тектілік бар қанында.
Жұлдыздарға қол созып,
Арында қазақ, жалында.

Дүниеге жар салған,
Болашақты қарсы алған.
Күмбірлетіп күй шертіп,
Әуелетіп ән салған.
Әуелеп көкке азаным,
Жырымды мен де жазамын.
Рухы биік, намысшыл,
Жасай бер, мәңгі қазағым!

Әбдінұр ОРЫНТАЙ,
Күреңбел орта мектебінің
8 сынып оқушысы.
Күреңбел ауылы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close