Ádebıet

Жақсылық жаса – адамға!

Жаным құмар ертеден жақсылыққа,
Еңбек етсең, жетерсің сен бақытқа.
Алланың берген денсаулығын, зердесін,
Пайдаға жарат, демалып бекер құр жатпа.

Қарызбын деп мен өзімді санаймын,
Жаратқанға, жарық берген анама.
Сабыр мен ойдың жетегінде әрдайым,
Жақсылықпен шуақтанған санам да.

Жақсылық – ол жаныңның мол байлығы,
Жақсы болсаң істеген ісің бағалы.
Көп ішінде құрметтеп сені ел тыңдар,
Жақсы сөзің төгілген көңіл маржаны.

Жақсылық жаса, қолыңнан сенің келсе егер,
Тыншиды жүрек, көңілді қуаныш кернер.
Қиналған жан жақсылыққа жұбаныш,
Өмірге деген көзқарасың да өзгерер.

Жақсылық деген – жақсылық нұрын себуің,
Жан-жағыңнан жағымды пікір сезуің.
Жақсылық жасап, ел қажетіне жарауың,
Ризалық алып, жаралы жанды емдеуің.

Жақсылыққа жан дүниең семіріп,
Келсін дәйім жақсылықтар жиілеп.
Жас болған, жалындаған ол да кеше,
Жақсылық жаса қарияға басыңды иіп.

Көңілімнің қоймасында жақсы сөздер,
Ашпасам насихаттап кім түсінер?
Нағыз адам тәрбиелі сөзді ұғарлық,
Пайымдап жақсылыққа жақын жүрер.

Төлебала СҮҢГІБАЕВА,
зейнеткер-ұстаз.
Көлтоған ауылы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close