Ádebıet

Оқушы қыздар қолөнерді үйрену үстінде

«Өнерлі өрге жүзер» демекші, №6 А.Пушкин атындағы орта мектепте дарынды, еңбекқор, өнерлі оқушылардың қатары көп. Сол жастардың бірі – 9 сынып оқушысы Райхан Биболқызы «Құрғақ жүннен жасалған жұмыстарымен», 7 сынып оқушысы Әсел Ғалымжанқызы «Фетр матадан жасалған торсық» панносымен және 8 сынып оқушысы Балым Таңатқызы «Су моншақтардан жасалған» паннолар, 7 сынып оқушылары Інжу Ерғалиқызы, Қарақат Санатқызы «Жіпті жапсырмалау арқылы жасалған» паннолар еңбегімен ерекшеленуде.
Қыздар бос уақытында киім тіккенді, тоқыма тоқығанды және шет тілдерді үйренгенді ұнатады.
– Қолөнер бұйымы дайын болған соң, оны ата-анамызға көрсетуге асығамыз. Сондай-ақ, туындыны жасау үстінде рухани демаламыз, – дейді олар.
Қыздар 10 жасынан бастап республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Кейіпкерлеріміздің жетекшісі – Айжан Құлжабайқызы. Қазақта «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген ұлы сөз бар. Расында да, олардың ұстазы халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы. Ол өте талантты шәкірттерін айта келіп, олардың болашағынан үлкен үміт күтетінін қуанышпен жеткізді.
Қыздардың бала арманы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып, шет елдерді саяхаттау.
– Қолөнер басқа өнер түрлеріне ұқсамайды. Қолөнерге сабырлылық пен шыдамдылық қажет. Оның бір артықшылығы баланың зейінін арттырады, – дейді ұстазы Айжан Құлжабайқызы.
«Жаңа өмір-ақпарат»

Таңдаулы материалдар

Close