Qoǵam
Ауылымызға Шерхан аты берілсе екен…
Жыла, қазақ, етегіңді толтырып,
Сөйлемейді, енді қайта ол тұрып.
Тірісінде қадіріне жете алмай,
Өкінеміз, алғаннан соң өлтіріп.
Бүгінгі күн – «Қызыл жебе» сынған күн,
Өкінішке, көз жасына тұнған күн.
«Ай мен Айша» басу айтып қазаққа,
Шерхан ағам екінші рет туған күн.
Иә, Шерхан Мұртаза ағамыз ел тағдыры сынға түскен жауапты сәттерде халқына жүрек түбіндегі ойын, шындықты айта білген қазақтың біртуар перзенті еді. Ақиқаттың алдаспанын бұрқ-сарқ қайнаған ар-намыстың қазанына суарып, заманының запыранын шімірікпей, батыл қозғаған Алып жүрек соғуын тоқтатқанда қазақтың байтақ даласы осылай күңіренген еді-ау.
Қош, біздің, жазушының кіндік кескен жұрты – Талапты ауылы тұрғындарының ендігі тілегі – Шерхан ағамыздың есімін мәңгілікке қалдыру. Ол үшін ауылымыздың атын Шерхан ауылы деп қайта атауды ұсынамыз.
Құдайберген МЕДЕРБАЕВ,
Талапты ауылы