Qoǵam

Қамбамыз астыққа, өрісіміз малға толды

Ауданның ауыл еңбеккерлері үшін үстіміздегі жыл табыспен аяқталғалы отыр. Шаруалар осы жылдың өнімі үшін 57 221 га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын ексе, соның ішінде, ақ егіс 27 750 га арпа, 3593 га көп жылдық шөп, 21 588 га майлы дақылдар, 2560 га картоп, 680 га көкөніс-бақша өнімдері , 300 га дәндік жүгері, 750 га сүрлемдік жүгері отырғызылды. Барлық дақыл түрлері бойынша бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғаннда орта есеппен 100-106,3 % артық.

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметтеріне сай егін орағына түскен ақ егістің көлемі 37 424 га болса, соның ішінде арпа 27 750 га, күздік бидай 9674 га құраған. Алынған өнім гектарына 20,6 центнерден айналып, жалпы түсім 77 093 тоннаны құрады.
Күздік дала жұмыстары да жоспарға сай атқарылуда. Алдағы жылдың өнімі үшін егілетін күздік бидайдың жоспары 9800 га болса, нақты егілгені 9 815 га (100 %), күздік рапс жоспарда 100 га болса, нақты егілгені 50 га (50%). Дақылдың бұл түрін «Сансызбай» ШҚ мен «Гамбург» ЖШС салып отыр.
Одан бөлек, майлы дақылдардың орылғаны 21 588 га, орташа өнімділігі гектарына 8,9 центнерді, жалпы түсімі 19 213 тоннаны, қытай бұршағы (соя) орылғаны 80 га, орташа өнімділігі 14,0 ц/га, түсімі 112 тоннаны, дәндік жүгері орылғаны 300 га, орташа өнім 57 ц/га, түсімі 171 тоннаны құрады.
Картоп дақылының жиналғаны 2 560 га, орташа өнімділігі 242 ц/га, түсімі 61 952 тонна (100%), көкөніс дақылдарының жиналғаны 670 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, түсімі 16 440 тонна( 100,0 %) және бақша жиналғаны 10 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, түсімі 102 тонна (100 %) .
Өңірде мал азығын дайындау науқаны жаз айының ортасында басталып, қоңыр күзге дейін жалғасты. Жалпы аудан бойынша ораққа түсетін көпжылдық екпе шөптер 28 630 га құрайды. Индикаторлық көрсеткішке сәйкес, ағымдағы жылы 144 843 тонна пішен, 12 000 тонна сүрлем (силос), 11 000 тонна пішендеме (сенаж) және 14 200 тонна сабан дайындау жоспарланған.
Бүгінгі күнге барлық ауылдық округтерде науқандық шөп ору бойынша орылғаны 28 630 га (100 %), орташа өнімділігі 50,7 ц/га, жалпы жиналған өнімдер, пішен 145 200 тонна (100 %), пішендеме 11 000 тонна (100 %) бастырылды.
Науқандық жұмыстарға 75 дана шөп оратын комбайн, 122 дана шөп тайлағыш агрегат және басқа да ауыл шаруашылығы тіркемелері қатысып, науқанның межелі уақытта аяқталуына үлесін қосты.
Шаруаларға көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге литрі 158 тенгеден 1 445 тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлініп, толығымен таратылды. Сонымен бірге егін орағына және күзгі дала жұмыстарына 1 550 тонна бөлініп, 1480 тоннасы аудан шаруашылықтарына таратылды.
2020 жылы 3 370 тонна минералды тыңайтқыштар алу жоспары орындалу үстінде. 373 шаруа қожалығы «ҚазАзот» және «КазФосфат» ЖШС-не 3 838 тоннаға өтінім берді. Бүгінгі күнге нақты алынғаны 351 шаруашылық 3 761 тонна алынды (106,3 пайыз). Оның ішінде аммиакты селитра 2858 тонна, аммофос 631 тонна, басқа да тыңайтқыштар 272 тонна алу межеленсе, жоспар толығымен орындалды.
Ауыл шаруашылығы өндірісін жаңа техника паркінсіз ойдағыдай атқару мүмкін емес. Ауданның агроқұрылымдары мен шаруашылықтарда бүгінгі күнге 625 трактор, 175 комбайн тіркелген. Үстіміздегі жылы 174 бірлік жаңа техника алу жоспарланса, бүгінгі күнге 656 млн. теңгеге 190 ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Соның ішінде 32 жаңа «МТЗ» маркілі трактор, бір дана тиегіш, 155 бірлік ауыл шаруашылығы тіркемесі және 2 комбайн сатып алынды.
Мал шаруашылығында 2020 жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара 48 264 бас, 107,6% (2019 жылы 44 835 бас), қой-ешкі 225 669 бас, 100,4% (2019 жылы 224 628 бас), жылқы 10 920 бас, 106,8% (2019 жылы 10226 бас), құстар 125 184 бас, 100,7%.(2019 жылы 124 297 бас).
Мал басы 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,6 пайызға, қой мен ешкі 0,04 пайызға, жылқы 6,8 пайызға, құстар 0,07 пайызға артып отыр.
Мал өнімдері бойынша 2020 жылдың 1 қазанына ет өндіру тірі салмақпен 9 864 тонна,101,6%. (2019 жылы 9 708 тонна), сүт өндіру 38 239 тн. , 102 % (2019 жылы 37 486 тонна), жұмыртқа 7 176 мың дана, 100,5% (2019 жылы 7 142 мың дана) өнім алынды. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 1,6 пайызға, сүт өнімі 2,0 пайызға, тұқым өнімі 0,5 пайызға артты.
Ауданның әр аймақтарынан агрохолдингтер құру ісі жақсы нәтиже беруде. Мәселен, Жетітөбе ауылдық округінде Александр Уразовскийдің басшылығымен «Алина» агрохолдингі құрылды. Оның құрамына 20 ШҚ кіргізіліп, 1193 га егістік жерлері және 8 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар. Агрохолдинг алдағы уақытта 113 млн. теңгеге 9 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасын, соның ішінде 2 дана астық комбайнын, 2 дана трактор және 5 дана ауыл шаруашылығы тіркемесін алуды жоспарлап отыр.
Ауданда картоп және жеміс-көкөніс сақтайтын сыйымдылығы 9000 тоннаны құрайтын тоғыз қойма жұмыс істейтін болса, оның ішінде мұздатқыштармен жабдықталғаны екеу. Сыйымдылығы 4750 тонналық алты қойма шаруалардың өндірген өнімдерін сақтауға қызмет көрсетуде.
Бүгінгі күнге қоймаларда 2 800 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сақталуда. Соның ішінде 2 210 тонна тұқымдық картоп, 600 тонна азықтық картоп және 80 тонна алма өнімі. Сақталатын картоп өнімдері шаруалар тарапынан ішкі рыноктарға және барлық ұйымдастырылған жәрмеңкелерде базардан төмен бағамен сатылуда.
– Ауданда, облыс орталығында, облыстың Жамбыл ауданында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Жуалы ауданы тауар өндірушілерінің қатысуымен сегіз жәрмеңке өткізілді. Мұнда жалпы құны 29 936 млн. теңгені құрайтын 191,14 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Атап айтқанда 12,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой), 9,6 тонна сүт өнімдері, 1,3 тонна бал, 110 тонна картоп және 58,04 тонна көкөніс және жеміс-жидектер қала және аудан тұрғындарына ұсынылды, – дейді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Сәбит Нұрлыбаев.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Close