Basty bet
Коронавирустың алдын алу шаралары
Әлемде жаңа типті коронавирусты инфекциясының (2019-nСоv) өршуіне байланысты, аудан көлемінде індеттің алдын алуы мен таралуына жол бермеу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 ақпандағы «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» №9-ПГВр қаулысын орындау және аудан тұрғындарының денсаулығын қорғау мақсатында Жуалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы жұмыс беру мекемелеріне мына іс-шараларды орындау қажеттігін ескертеді:
• ғимараттардың бөлмелерін күніне кемінде 2 рет желдету;
• бөлмелерді қол жуу құрылғыларымен қамтамасыз ету (антисептиктермен);
• дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып, күнделікті ылғалды тазарту жүргізу;
• ауру белгілері анықталғанда (дене қызуы көтерілгенде, жөтел, мұрыннан су ағу т.б) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға қаралу;
• қызметкерлеріңізге коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдерге бармауды ұсыну;
• мекемеңізде мәдени іс-шараларды жүргізуге шектеу қою;
• жалпы қолдану орындарында үстіңгі қабатты залалсыздандыру үшін дезинфекциялық құралдар мен жуғыш заттардың, қол жуу үшін сұйық сабынның жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету.
Коронавирусқа қарсы іс-әрекеттер ұсынымдары:
– мүмкіндігінше қолыңызбен көзіңізді, мұрныңыз бен аузыңызды ұстамаңыз;
– өзіңіз және айналаңыздағы жандар респираторлық гигиенаны қатаң сақтаңыз;
– егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, онда үйде қалыңыз;
– температура көтерілгенде, жөтел пайда болғанда және тыныс алуыңыз ауырласа, дереу медициналық көмекке жүгініңіз;
-103 немесе 1406 нөміріне хабарласыңыз;
– денсаулық сақтаудың жергілікті органдарының нұсқауларын орындаңыз.
Элмира КАИПБАЕВА,
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау бөлімінің бас маманы