Basty bet

Әжелер сөзі – тәрбие мен өнеге көзі

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі аудандық ардагерлер кеңесінің “Әжемнің ертегісі” жобасы аясында “Ертегілер – халық даналығының айнасы” атты шара өткізді.
Шараның мақсаты – ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін жаттықтырып, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңірумен бірге, имандылық пен ізгілікке тәрбиелеу.
Шараға аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ш.Каниева, кітапханашы Г.Исаева және аудандық «Әжелер» алқасының төрайымы Күлбақыт Айтқұлова және Эсмира Мамедова, Бауыржан Момышұлы ауылының «Аналар» алқасының мүшесі Раушан Әлиева қатысты.
Әжелер аудан орталығындағы “Еркемай” бөбекжай-балабақшасының мектепалды даярлық “Қарлығаш” тобына «Алтын Асық», «Зерек қыз» ертегілерін оқып берді. Ал, ертегіні тыңдаған «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері А.Нұржанбай, Р.Баймаханбет, А.Абдрахман ертегі туралы түсініктерін айтты.

Аудандық орталық кітапхана

Таңдаулы материалдар

Close