Basty bet

БҮГІНГІ ҰРПАҚ – ЕРТЕҢГІ ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары-тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы, подполковник Данияр Сарымсаков, Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері, аға лейтенант Қайрат Байтіковтің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты “Шөлдала” шекара бөлімшесінде Жамбыл және Жуалы аудандарының орта мектептерінде білім алып жатқан 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Жас шекарашы” әскери-патриоттық үйірмелері арасында ерекше патриоттық мәні бар “Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел қорғаны” атты байқау өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, шекара қызметінің маңыздылығын түсіндіру және болашақ сарбаздардың алғашқы даярлығына жол ашу. Байқауға қатысушылар әскери дайындық, саптық жүріс, сұрақ-жауап кезеңдері және әскери-спорттық жарыстар бойынша бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орын №55 орта мектеп (Шөлдала ауылы), 2 орын Тайыр Тастандиев атындағы №11 орта мектебі (Бәйтерек ауылы), 3 орын №23 Алатау орта мектебі иеленді.
Жеңімпаздар арнайы Алғысхаттармен марапатталды.
Бұл секілді патриоттық бағыттағы іс-шаралар жас ұрпақтың ел қорғау ісіне деген қызығушылығын арттырып, болашақта Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге үлкен дайындық болмақ.

Камила ӘБСЕМЕТОВА,
кітапханашы

Таңдаулы материалдар

Close