Basty bet
Үй жағдайындағы өрт қауіпсіздігін сақтайық!
Өрт оқиғалары негізінен тұрғын үйлерде туындау қаупі жоғары. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда, тұрғындардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептеріде әр түрлі. Оның ішінде басты төрт себепті айтуға болады:
1. Отты абайсыз қолдану;
2. Пештің ақаулығы;
3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады;
Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пештің ақауы болса, онда баспанада өрттің орын алуына бірден-бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек.Балаларға пешті қарауға және жағуға тыйым салынады. Айта кететін жағдай, өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде көбінесе оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Осындай жәйттардың барлығы өрттің туындауына алып келеді. Электр желісі бұзылған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу өте қауіпті.
Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның ішінде ең күрделісі өрт. Өрт – аса қатігез ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн Құрметті аудан тұрғындары, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды өтінеміз. Өрттен сақ болыңыздар!
Нұрболат Анарбек,
ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының курсанты