Basty bet

Төртінші бюджет жаппай енгізіледі

«Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына сай, жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде мемлекеттік бюджеттің 4 – деңгейі ретінде енгізілетін болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс көздері айқындалды, олар мыналардан тұрады:
1) салықтық түсімдер:
2) салықтық емес түсімдер:
Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін жергілікті қоғамдастық жиналысында талқыланғаннан кейін аудан мәслихаты бекітетін болады, ал жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін атқару ауыл әкімінің аппаратына жүктеледі.
Осылайша, жергілікті қоғамдастықтың мүдделері ескеріле отырып, бюджет шығыстарын жоспарлауға мүмкіндік беретін тиісті тетіктер көзделген.
Шығыстар, Бюджет Кодексіндегі ауыл әкімі шығыстарының 19 бағыты деңгейінде айқындалған.
Жалпы, Заң жобасын қабылдау:
1. Жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде жергілікті өзін–өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейтуді;
2.Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешiмдер қабылдау процесiне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еркін Смағұлов,
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының
бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close