Basty bet

Жүйелі жұмыстар жалғасады

Аудан әкімінің «Көріктендіру, көгеріштендіру, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын өткізу туралы» 2020 жылғы 18 ақпандағы №94 қаулысына сәйкес Б.Момышұлы ауылында көктемгі тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Б.Момышұлы ауылының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында әр аптада сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оған мекемелер, мектептер мен балабақшалардың ұжымдары қатысты.
Б.Момышұлы ауылына тал-дарақтар отырғызу іс-шара жоспары негізінде көктем мезгілінде Жастар аллеясының аумағына егетін жері дайындалып, 1350 дана әртүрлі жеміс және декоративтік ағаштар егілді.
Биылғы жылы Л.Сейітбеков көшесі бөлігіне, Б.Үсенов көшесі бөлігіне, М.Мәметова, Б.Үсенов көшесі қиылысынан Ы.Алтынсарин көшесіне, С.Күшәнов және Ы.Алтынсарин көшелерінің және Әулиебастау көшесінің жолдарын орта жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Бауыржан Момышұлы ауылында Боранды көшесінен А.Тұрысбеков, Бәйтерек, З.Елшібаев, Ы.Алтынсарин көшелерінің жаяу жүргіншілер жолын және көпірін жөндеу, Қ.Рысқұлбеков көшесінен Абылайхан көшесіне бағытталатын жаяу жүргіншілердің жолын және көпірін жөндеу, Рысбек батыр көшесінен Тәуелсіздік көшесіне бағытталатын жаяу жүргіншілердің жолын және көпірін жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Парасат көшесіне «Жеті Қазына» барельефін орнату, Жамбыл көшесі мен Рысбек батыр көшесі қиылысындағы «Рәміздер» стелласын орта жөндеу, Б.Сафинов көшесіндегі «Мәңгілік-Ел» саябағына «Жан жүрегім Жуалы» стелласын орнату, Б.Сафинов көшесіндегі аркадағы әріптерді латын қарпіне ауыстыру, Д.Пахомов көшесін түнгі жарықтандыру, Бауыржан Момышұлы ауылы бойынша жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстары алдағы уақытта атқарылатын болады.
Жалпы ауылымызда 3029 аула және 117 сауда нысандары тіркелген. Бүгінгі таңда нақты күл-қоқыстарды шығаруға тасымалдауға келісімшартқа отырғандар саны – 1029 дана. Қалған 2000 тұрғындар мен сауда нысандарының иелерінің назарына күл-қоқыс шығару үшін ұсыныс-ескертпелер таратылып, тазалық жұмыстарын жүргізуге, қоқыс шығаруға келісімшартқа тұруды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта ауыл әкімшілігі қызметкерлері мен көше өкілдерінің тұрақты жұмыс атқаруы тиіс. Егер жалпы барлық тұрғындар мен кәсіпкерлер келісімшартқа тұрған жағдайда көшелер мен қоғамдық орындардың және әртүрлі қызмет көрсету орындарының айналасы ретке келтірілер еді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Б.Момышұлы ауылы тұрғындарының есіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес күл-қоқысты заңсыз жерге тастағаны үшін айыппұлдар салынатынын ескертеміз.

Көбейсін Хайралапов,
Б.Момышұлы
ауылының әкімі

Таңдаулы материалдар

Close