Qoǵam
Дала төсі дүбірге толы
«Қыстың қамын жазда ойла» демекші, даланың төсін дүбірге бөлейтін диқандар егістік алқабында қызу жұмыс үстінде. Олар ауа райының қолайлы күндерін уақтылы пайданалып, мол өнім алу мақсатында еңбек етіп жатқан жайы бар. Осы ретте, Нұрлыкент ауылдық округі әкімі аппараты өздеріне бекітілген аумақтарда басқаруды ұйымдастыру жұмысының Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және басқа да қолданыстағы заңдылықтарын басшылыққа ала отырып 2020 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық жасап, жұмыс істеуде.
Жалпы ауылдық округке қарасты Нұрлыкент ауылында 672, Түктібай ауылында 150, Қазбастау разъезінде 12 үй бар, барлығы 834 аула. Жалпы халық саны 4566 адам. Округ аумағында 65 шаруа қожалықтар қызмет етеді.
Биылғы жылы егістік алқабына күздік бидай 350 гектарға, жаздық арпа 1740 га, жүгері 2 га, картоп 285 га, қытай бұрышы 36 га, мақсары 780 га, күнбағыс 118 га, көкөніс, бақша 210 га, таза жоңышқа 110 га, мал азығы дақылдары 832 га, сүрлемдік жүгері 127 га егін егу жоспарланып, 86 гектар парға қойылды. Бүгінгі таңда арпа 1692 гектарға егіліп, 97 пайызға, жоңышқа 110 гектарға себіліп, жоспар 100 пайызға орындалды.
Округте жалпы 56 техника бар 56. Оның ішінде 38-і жұмыс істеуде, ал егін аумағында бүгінгі таңда 22 доңғалақты тұқым сепкішімен, 1 дана К-700 маркалы техникасы, ГАЗ-53-4 тұқым тасымалдаумен көктемгі дала жұмыстарына жұмылдыруда. Ал, жанар-жағармай жалпы шаруалардың сұранысы бойынша 72 тоннаны құрап отыр.
Ауылдық округ бойынша аудармалы егістіктің жер көлемі 4676 гектар және жайылым жер 1392 га. Осы ретте, «МинАгро» бағдарламасына округтегі ауыл шаруашылығы жерінің барлық гектары енгізіліп, 100 пайызға орындалды.
Округте 0,25 гектарға көпжылдық қарағаш отырғызу жоспарланған, қазіргі таңда 130 қарағаш отырғызылды.
Бақытжан Назар,
Нұрлыкент ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы