Qoǵam

Жастар жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жас ұрпаққа берері мол, жаңа мақсат-межелер қойған басты құжат екені белгілі. Бұл Жолдаудың осыған дейінгі жарияланған Жолдаулардан бір ерекшелігі – мұнда еліміздің тұрақты дамуына, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беруге, сонымен қатар, интеллектуалды салаға көп көңіл бөлінген.
Осы ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаев ерекше басым бағыт – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті атап көрсетіп берді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе қашанда Елбасының назарында.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасар әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп-өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Жемқорлық, парақорлық қоғамға, мемлекетіміздің конституциялық негізіне қауіп төндіреді. Сондықтан онымен күрес жүргізу жалпыұлттық міндет, яғни баршамыздың ортақ ісіміз болуы керек.
Осы орайда, Билікөл ауылдық округінде «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында көптеген іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық жарыстар өткізіліп тұрады.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – қоғам мүлкін талан-таражға салу, мемлекеттік қаржыны дұрыс пайдаланбау деген сөз. Парақорлық дегеніміз, еңбексіз пайда табуға жол беру екендігін айта келіп, округ жастарын Елбасы сенімін ақтап, әрбір істе адал, әрі таза болуға шақырамыз.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күнгі күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сол себепті, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өсіп-өркендеуі үшін іс-шаралар жасалып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Әсіресе, ауыл жастарына, білім беру саласында студент жастарға тек білім беру ғана емес, олардың рухани және мәдени дамуының факторы болғандықтан жастарымызды адалдыққа, тазалыққа баулуымыз тиіс. Осы орайда, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін біріктіріп, жастары-мыздың сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы болуын тәрбиелеу.
«Болашағымыз – білімді де, мәдениетті жастар» деп Елбасы атап көрсеткендей, біз, жастарымызды отансүйгіштікпен қатар, олардың санасын жаңғырту, сыбайлас жемқорлықтың зардаптары, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы болуына тәрбиелеу.
Біздің мақсатымыз жастарымыздың құқық¬тары мен бостандықтарын білуі, жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу болып табылатындығы туралы түсіндіру. Қорыта келгенде, менің бұл пікірім жастарға күш-жігер береді деген ойдамын.

Нұрсұлтан Қазақбаев,
аудандық «Жастар ресурстық орталғының» Билікөл ауылдық округіндегі жастар ісі инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close