Qoǵam

Арман, мақсат және жетістік

Әрбір тұлғаның өз мақсаты, арманы мен жетістігі болады. Сол арман жолымен жүріп алдына мақсат қоя бастайды. Мақсаттарын бірте-бірте орындау арқылы жетістікке жетеді.
Жетістік – ол сіздің аңсаған арманыңызға қол жеткізуіңіз. Ал, нағыз жетістік не екенін білесіз бе? Нағыз жетістік дегеніміз – арманға жету жолындағы қиыншылықтарға мойымай, қиынын қиын демей, мақсаттарыңа жету.
Жетістікке жету жолында көптеген сәтсіздіктер болуы мүмкін. Сондықтан жетістікке жету үшін ең бірінші төзімді, шыдамды болу керек. Арман жолында сіздің серігіңіз құлшыныс пен мотив болуы керек. Егер адамның қайтсемде осы шыңға, биікке көтерілемін деген мотиві болса, ол адамның қолынан биікке көтерілу келеді. Айта кететін жайт, жетістікке ұмтылған адам шыңнан құлап, қайта тұрып, алға қарай қадамын нық басып, талпына беруі керек деп ойлаймын.
Бұдан шығатын түйін, жетістікке жетуге талпынғандар табандылық танытады және тек алдына қарай қадам басады. Шыңнан құласаң, жүрген жолыңа қарама. Жетістікке жетемін десең, жүре бер тек алға…
Сымбат Тұрсынбай,
№1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның
8 сынып оқушысы

Таңдаулы материалдар

Close