Qoǵam

Білімгерлермен әңгімелесу өткізілді

Оқу мен білім – адамзатты алға бастайтын ұлы күш. «Оқу – инемен құдық қазғандай» деген қанатты сөз білімнің қиын жолмен келетінін, көп еңбек пен ізденуді талап ететінін аңғартып отырғандай. Қазіргі заманның ағымы да жастардан техникалық білім алуды талап ететінін бәріміз жақсы білеміз. Осы ретте еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев техникалық білімнің бәсін арттыру мақсатында бірқатар шараларды қабылдағаны мәлім. Осыған сәйкес «Серпін-2050» – мәңгілік ел жастары – индустрияға!» бағдарламасы арқылы еліміздің оңтүстік өңірлерінде орналасқан бірқатар облыстардың жастары Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстарындағы жоғары оқу орындарында білім алуда. Өзіміздің облыс көлеміндегі колледждерде де техникалық білім беруге басымдық беріліп, түлектерге арнайы жеңілдіктер қарастырылып отырғаны көңіл қуантады.
Ақбастау ауылындағы №16 Жуалы колледжі биылғы жылы 50 түлекті техникалық мамандықтар бойынша қабылдап отыр. Атап айтқанда, оқу орнына газбен-электрмен дәнекерлеуші мамандығына 25 бала, ауыл шаруашылығы трактор-машинисі мамандығы бойынша білім алуға 25 бала ниет білдірген екен.
Жақында жаңа оқу жылы қарсаңында білімгерлерден емтихан алу және әңгімелесу рәсімі өткізілді. Осынау маңызы зор шараға аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Сейітхан Жұмашев, колледждің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Аманқұл Тұрмаханбетов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Алмас Жолдасов қатысты. Олар алдымен колледжге оқуға қабылданғалы отырған білімгерлермен техникалық мамандықтардың қоғамға, ел дамуына тигізер орасан зор рөлі туралы кеңінен әңгімелесіп, алдын ала белгіленген жазбаша сұрақтар бойынша емтихан алды. Студенттер ұлттық құндылықтар және қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
№16 Жуалы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахат Бекбаев мұндай шараның білімгерлердің алдағы білім алуларына, сонымен бірге тәрбиелі шәкірт болып, оқуға деген зейінінің артуына үлкен ықпал ететінін айтты.

Нұржан МАНАСҰЛЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close