Qoǵam

Зайырлы қоғам құру жолында

Зайырлы ұстанымы құқықтық мәселе, сонымен қатар оның болмысқа қатысты қыры да бар. Себебі, мемлекет те, дін де – адамсыз бос ұғым. Ақиқаттың өлшемі де, мақсаты да, мұраты да, ұстанымы да – адам. Осы мәселе төңірегіндегі сұрақтарға назар аударайық: діндар адам зайырлы бола ала ма? Жалпы зайырлылық ұстанымы адамның жеке тұлғасына қаншалықты қатысты? Мемлекет зайырлы, сол мемлекеттің азаматтары да зайырлы ма? Демек бұл сұрақтар туралы анықтамалар, зерттеулер, ең болмағанда түсіндірулер шарт.
Негізінде зайырлық ұстанымы мемлекеттің сипатын анықтайды. Зайырлы мемлекет барлық наным-сенімдерге, идеологияларға бейтарап қарайды. Зайырлылық мемлекет пен діннің бір-біріне бөлінуі, мемлекеттік әлеуметтік, саяси және құқықтық негізгі жүйесінің діни қағидаларға сүйенбеуін білдіреді. Осы анықтамаларға қарап отырып, зайырлылықтың мемлекет болмысына қатысты қағида, ұғым екендігін көруге болады. Байқасаңыз, дінді мемлекеттен бөлетін, діни негізге сүйенбейтін, діндерге тарапсыз қарайтын жеке тұлға емес, мемлекет екен. Ал жеке тұлға – азамат, діндар ретінде кез келген дінге тарапсыз қарай ала ма?
Расында мәселе, идеологиялық ғылыми негізі жоқ анықтамаларға негізделген түсіндірмелермен шектелу мемлекетіміздің тарихилығын, болмыстық ерекшелігін, құрушыларының құндылықтық, дүниетанымдық бастауларын ескермегендік болар еді. Сондықтан анықтамалармен қоса, сол ұстанымның пайда болу сатылары мен ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасалып, комментарийлер нақтылануы тиіс. Себебі, батыста дін қызметкеріне клерикал, ал қарапайым адамдарға «зайырлы» деп қарайды. Яғни, зайырлы (лаицист) адам деген сөз дін адамы, яки діни қызметкер емес (поп немесе папа емес) дегенге саяды.
Енді біз мұсылмандар зайырлылық ұстанымының тарихи қалыптасу ерекшеліктерін өз діни бастауларымыз негізінде саралап, салыстырсақ исламда діни қызметкер, яки дін адамы деген статус, не институт жоқ. Кез келген мұсылман діни қызметті атқара алады. Мысалы, жаназа шығару деген сияқты.

Рәтбек КӨСЕМБАЕВ,
Жетітөбе ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close