Qoǵam
Болжам сомалардың артығымен орындалуы қамтамасыз етілуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында мемлекеттік кірістер органдарының алдына бірқатар нақты міндеттер қойылған. Жолдауда «Бүгінде салықтар мен алымдардың 40-қа жуық түрі бар. Оны басқару ісі тым күрделі және негізінен мәжбүрлік сипатқа ие болып отыр.
Мақсатымыз – салықтық міндеттемелерді орындауды барынша жеңілдету және салықтар мен өзге де төлемдердің санын азайту. Шағын және орта бизнес секторы бойынша пандемиядан көп зардап шеккен кәсіпкерлерге бөлшек сауда салығын айналым есебінен төлеуге мүмкіндік беру қажет» делінген.
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының негізгі міндеттері бюджетке түсетін салықтар мен төлемақылар бойынша салық базасын жасау, аудандық, облыстық және республикалық бюджетке түсетін салықтар мен төлемақылардың жобаларын жасап, бекіту, болжам сомаларды орындау, қосымша резервтерді анықтау бойынша камералдық бақылау жұмыстарын жүргізу және т.т. болып табылады.
Басқарма басшысы Дәулет Жігітеков мекеменің мақсатты міндеттерінің бірнеше бағытта артығымен орындалуы қамтамасыз етіліп отырғанын айтады. Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айында мемлекеттік бюджет бойынша бекітілген болжам сомасы 2 030,4 млн теңге болса, бюджетке нақты түскені 2 343,4 млн теңгені құрап, болжам 115,4 % орындалды немесе бюджетке 313,0 млн теңге артық түсті. 2019 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 128,6%-ды құрап, түсім 345,3 млн теңгеге өскен.
Соның ішінде республикалық бюджет бойынша болжам сомасы 531,4 млн теңге болса, нақты түскені 601,8 млн теңгені құрап, жоспар 113,3 %-ға орындалды немесе түсім 70,4 млн теңгеге артығымен қамтамасыз етілді. 2019 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 136,0% -ды құраған немесе түсім көлемі 159,3 млн теңгеге өскен.
Жергілікті бюджет бойынша болжам сомасы 1499,0 млн теңге болса, бюджетке нақты түскені 1741,6 млн теңге, орындалуы 116,2 % немесе болжам сомадан тыс 242,6 млн теңгеге артық түсті. 2019 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 117,1%-ды құраған немесе түсім 254,2 млн теңгеге артқан. Соның ішінде облыстық бюджет бойынша болжам сомасы 481,6 млн теңге болса, бюджектке нақты түскені 527,5 млнң теңге, орындалуы 109,5% немесе, жоспар 45,9 млн теңгеге артық орындалды 2019 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 142,4 %-ды құрап, түсім 156,9 млн теңгеге артқан.
Аудандық бюджет бойынша болжам сомасы 1017,4 млн теңге болса, бюджетке нақты түскені 1214,1 млн теңге, орындалуы 119,33%, немесе 196,7 млн теңгеге жоспар артық орындалған, 2019 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 108,64% немесе түсім көлемі 96,3 млн теңгеге артқан.
Артық төленген салықтар бойынша өткен жылдың аяғында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлем сомасы 308,2 млн теңге болса, биылғы жылдың тоғыз айында 259,6 млн теңгені құрады немесе жыл басымен салыстырғанда 48,5 млн теңгеге қысқартылған немесе 18,8%- ға азайтылды.
Қосылған құн салығы бойынша үстіміздегі жылдың басында артық төленген салық 24,3 млн теңге болса, 1 қазанда 20,9 млн теңгені құрады немесе жыл басымен салыстырғанда 3,4 млн теңгеге қысқартылған немесе 14,0 пайызға азайтылды
Қосымша резервтерді анықтау бойынша камералдық бақылау жұмыстары да тиісті деңгейде жүргізілуде. Жыл басынан бері камералдық бақылау нәтижесі бойынша салық заңдылықтарын бұзған 165 салық төлеушіге хабаламалар шығарылып, бүгінгі күнге 72 салық төлеуші қосымша салық есептеліктерін тапсырып, бюджетке қосымша 47,9 млн теңге есептелініп, нақты ақшамен толық көлемде өндірілді.
Қалған хабарламалар бойынша орындалу мерзімдерінің келмеуіне байланысты орындалмады. Дегенмен бұл бағытта жұмыстар күнделікті жалғасуда.
– Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комиеті төрағасының 08.06.2020 жылғы №177 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінің тиімділігін бағалау туралы» бұйрығына сай Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысымен облыс аудандары арасында ІІІ орынға ие болды. Бұл мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының күнделікті ауқымды жұмыстарына берілген баға деуге болады, – дейді басқарма басшысы Дәулет Жігітеков.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»