Qoǵam

Қорғаушы Алғысхатпен марапатталды

Облыстық адвокаттар алқасы Жуалы аудандық заң кеңесінің меңгерушісі Нұрғиса Алагөз ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Құқықтық мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында аудандық газетпен ұзақ жылдардан бері тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып, «Заңгер кеңес береді» айдарымен басылым беттерінде мақалалардың үздіксіз жариялануына көрсеткен тұрақты қолдау көрсетіп келеді.
БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні басылым басшылығы Нұрғиса Алагөзді арнайы редакцияға шақырып, сый-құрмет көрсетті. «Жуалы аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті» ЖШС-нің Бас редакторы Перизат Нүрпейісова Нұрғиса Сәдуақасұлына азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға қосқан сүбелі үлесі үшін басылым басшылығы мен оқырмандары атынан қорғаушыға терең алғысын білдіріп, оған редакцияның Алғысхатын табыс етті.
Өз тілшіміз

Таңдаулы материалдар

Close