Qoǵam
Біркісідей атсалысты
Аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандармен латын әліпбиін меңгеру мақсатында «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» атты жаппай диктант жазу акциясына қатысты.
Акцияға жалпы 35-40 сотталған азаматтар тартылып, олар шараға біркісідей атсалысты. Шара барысында сотталған тұлғалар арасында жаңа қазақ әліпбиінде диктант жазу қиын соқпағандығы туралы өзара әңгіме құрды. Есепте тұрған сотталған азаматтар осындай маңызды республикалық іс-шараға жаппай атсалысқандарына қуанышты екендерін айтты.
Рухани жаңғырудың бастауының бірі – жаңа қазақ әліпбиіне көшу. Осы орайда сотталған азаматтар латын әліпбиін енгізуді қолға алынғаны дұрыс шешім деген көзқараста болды. Олардың арасында латын қарпіне байланысты бірнеше сұрақтар туындап, ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, жаңа әліпбидегі өзгерістерді де аңғарып, жазылуына мән берді.
Ермұхан Иманбердиев,
аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты