Qoǵam
Балаларға қуаныш сыйлады
ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің қоғамдық ұйымдарымен және әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Балаларға қуаныш сыйла» акциясының аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Тараз қаласындағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне департамент атынан қайырымдылық көмек көрсетілді. Бүлдіршіндерге дамыту ойыншықтары мен сәбилердің алғашқы қадам жасауына арналған заттар табыс етілді.
Ал бүгінгі шекара шебіндегі шекарашылардың балаларының жағдайы қалай? Әрине, шекарашылардың балалары да түрлі шаралардан қалыс қалған емес. Оған әскери бөлімдердегі әйелдер кеңесі, тәрбие бөлімі, бастамашыл жастар орталығы секілді әскери қоғамдық ұйымдардың ұйымдастырған түрлі шаралары куә.
Департамент аумағында әскери қызетшілердің балаларына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шарада аниматорлар түрлі ойындар ойнатып, театрландырылған қойылымдар көрсетіп, сурет байқаулары мен жарыстар өткізді. Әр балаға көңіл бөлінді, мерекелік себет тарту етіп, балаларға ұмытылмас көңіл күй сыйлады.
Бала – махаббаттан туатын бақыт гүлі. Бүгінгі балалар ертеңгі ел қорғаны – шекарашы болуы да бек мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі бүлдіршіндерді қорғасақ, ертең олар елімізді қорғайтыны банық.