Qoǵam

Жуалылықтар вакцинаның 11 380 дозасын салдырды

Жуалы аудандық орталық ауруханасына бүгінгі күнге дейін жеткізілген 12 250 доза «Спутник-V», «QazCovid-in», «Hayat-vax», «CoronaVak» вакцинасының 11 380 дозасы егілді. Екпе салдыруда медицина, құқық қорғау органдары және педагогтар белсенділік танытуда. Одан бөлек, қазіргі уақытта Билікөл ауылдық округі 100 пайыз көрсеткішпен екпе салу жұмысын аяқтады. Одан кейін екінші Қарасаз және үшінші орындарда Боралдай ауылдық округтері екпе салдыруда алдыңғы қатарда келеді.
Емханаға келген алғашқы екпе алушыларды дәрігер қабылдап, алдымен олардың денсаулық жағдайын тексереді. Эпидемиологиялық анамнезін жинақтап, вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімнің жоқтығына көз жеткізеді. Бұл процестер басталмай тұрып, ең алдымен пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Одан әрі екпе алу бөлмесіне жіберіледі. Онда дәрігер вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы айтады. Екпеден кейін екпе салдырған азамат 30 минуттай медициналық бақылау аймағында дәрігердің қадағалауында болды. Екпе алушыларға екпенің 0,5 миллилитр болатын бірінші компонентін алғаны туралы ескертіліп, 21 күннен кейін бұл процесс тағы да қайталанатыны айтылады. Өйткені, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.
Ауданда әзірге ресейлік «Спутник-V» преапараты қолданылуда.
Осы орайда індеттің алдын алудың жалғыз жолы – вакцина екенін тағы да еске сала кеткіміз келеді.

Гүлбақыт МӘУЛЕНБАЙҚЫЗЫ,
аудандық орталық аурухананың
БАҚ және қоғаммен байланыс маманы

Таңдаулы материалдар

Close