Qoǵam
Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз!
Қазіргі кезде үдеп келе жатқан зорлықшыл экстремизм халықаралық терроризмнің идеологиясы ретінде діни үндеулерді жамылып, адам құқығы мен бостандықтарын белден басуда, адамзаттың діни, сондай-ақ мәдени және рухани мұраларына елеулі нұқсан келтіруде, діннің беделін жоққа шығарып, конфессияаралық қатынастарға қауіп төндіруде.
Тұжырымдамаға сәйкес діни тұрақтылықты сақтау мақсатында Қошқарата ауылдық округінде біршама шаралар жасалуда. Округте діни-ақпараттық түсіндіру тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес ай сайын кездесулер, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып отыр. Мектеп, балабақша ұжымдары, жалпы халықпен түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, апта сайын мешітке жиналған халықты зерделеп, бақылауда ұстаудамыз.
Теріс ағымдардың ықпалын болдырмау үшін дұрыс ақпараттар беріліп, алдын алу шараларына көңіл бөлініп жатыр. Осы уақытқа дейін округімізде жат ағымдардың, теріс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу фактілері тіркелмеген. Ауылдағы халықты, соның ішінде жастарды қамти отырып, білімді, жақсы мен жаманды, дұрыс ұстаным мен теріс ұстанымды айыра білетін ұрпақ өсіп келе жатқанын айтуға тиіспіз. Әлі де алда атқарылар істер көп. Оның барлығы еліміздегі діни тұрақтылықты, ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға өзіндік үлесін тигізеріне сенімдімін.
Елдің азаматтары өзінің дінге деген көзқарасын дербес және мәжбүрлеусіз айқындауға не өзін қандайда бір дінге байланыстырмай, діни институттарға жүгінбей-ақ өмір сүруге құқылы.
Мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметшілер мемлекет атынан азаматтарды белгілі бір дінді ұстануға немесе ұстанбауға қандай да бір нысанда мәжбүрлей алмайды. Бірақ дінді ұстанатын және дінді ұстанбайтын азаматтар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бірлестіктер арасында өзара сыйластық пен келісімді орнатуға ықпал етеді.
Мақсат Жұманов,
Қошқарата ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы