Qoǵam

Мемлекеттік қызметші үшін айқын бағдаршам

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданғаны белгілі. Бұл Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес олардың моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлықтар стандарттары белгіленген.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарының сақталуына жүйелік бақылау жүргізу, өз кезегінде мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу маңызды жұмыстардың бірі.
Мемлекеттік қызметшілердің міндеттеріне шектеулер және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері жатады.
Орындаушылық тәртіптерін сақтау мәселелері, қызметшілердің жауаптылығы, мінез-құлқының жалпы стандарттары әрбір мемлекеттік қызметкердің қай кезде болмасын жоғары моральдық әдеп нормаларын сақтау болып табылады.
Әдеп кодексі түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер үшін айқын бағдаршам. Осы орайда Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері де Әдеп кодексінің барлық талаптарын сақтайды.
Ендеше, оның орындалуы мен сақталуы қашанда назарда ұсталғаны жөн. Бұл өркениет көшіне бет түзеудің басты бір жолы.

Арабхан Заппаров,
Ақтөбе ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close