Qoǵam
Іскерлік этикет қағидалары
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.
Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.
Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады. Біз әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынамыз.
Мемлекттік қызметте іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық қағидалары маңызды рөл атқарады. Оларды қатаң сақтау біздің іске деген байыпты қатынасымызды, жоғары кәсібилікті көрсетеді. Іскерлік этикет қағидалары барлығына бірдей және әрбір мемлекеттік қызметші дәрежесіне қарамай оны білуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде заңға деген құрметті әдетке айналдыруы қажет, ал заңдылықтың өзі жоғары мәдени құндылық ретінде қабылдануы тиіс. Заң бойынша өмір сүру құқықтық мемлекетте жетістікке қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар үшін норма болуы керек.
Нұрзұлла Лұқманов,
Билікөл ауылдық округі
әкімі аппаратының
іс жүргізу және есеп
бөлімшесінің басшысы