Basty bet

Кәсіпкерлікті кеңейтуге күш салынуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп атап өтіп, мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарын айқындап бергені белгілі. Жылдың басты құжатында Президент азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керектігіне де тоқталды.
Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды жергілікті әкімдіктер негізгі ала отырып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында жұмыс істеуде. Ауданымыздағы Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты да тұрғындардың табысын арттыру ісіне, жергілікті жерде мемлекеттік саясатты насихаттауға атсалысып келеді. Осы ретте, Ақсай ауылдық округінің әкімі Қазыбек Бейсеқұловпен болған сұхбатымыз ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы турасында өрбіген болатын.

– Қазыбек Әлжапарұлы, ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеті қандай? Округ әкімінің аппаратында қанша мемлекеттік қызметкер бар және олар қандай жұмыстар атқарады?
-«Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз жұмысын жергілікті және атқарушы органдардың құзыретін, қызметін айқындайтын Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы негізінде және жалпы аппарат жұмысы мен ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жұмыстарды үйлестіреді. Осы мақсатты орындау үшін әкім аппаратында барлығы жеті мемлекеттік қызметші өз құзыреттілігі мен функционалдық міндеттеріне сәйкес жұмыс істейді.
– Ауылдық округтің жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы толығырақ айтып берсеңіз.
– Ақсай ауылдық округіне қарасты Диқан ауылында 145, Қайрат ауылында 384 тұрғын үй бар, онда барлығы 529 ауланы құрайды. Жалпы халық саны – 3112 адам. Округ аумағында 130 шаруа қожалығы құрылып, жұмыс істеуде. Елді мекенде алты азық-түлік дүкені тұрғындарға қызмет көрсетеді. Жеке тұлғалардан сүт тасымалдаумен 11 кәсіпкер айналысып, кәсібінің нәсібін көріп отыр.
Ауылдық округте екі орта мектеп, екі бөбекжай-балабақша, кітапхана, ауылдық почта бөлімшесі, мұражай, саябақ, стадион, кіші спорт алаңы бар. Ауылдық кітапханада 13 мың кітап қоры бар, оның ішінде 8900 данасы қазақ тілінде, яғни 68 пайызын құрайды. Тұрғындарға қызмет көрсету үшін кітапхана базасында цифрландырылған ақпараттық орталық жұмыс істеуде. Қазіргі таңда Қайрат ауылынан 100 орындық клуб соғу туралы облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының картасына енгізіліп, салынатын орны нақтыланып, клубтың құрылысын жүргізу 2021 жылға жоспарланған.
– Ауданымыз аграрлы аймақ екені белгілі. Осы ретте, ауылдық округтің ауыл шаруашылығы саласының көрсеткіштері қандай?
– «Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша ауылдық округтегі аудармалы егістік жер көлемі 4581 гектарды құрайды, оның ішінде 31 гектарында алма бағы орналасқан, осы жерлер 131 шаруа қожалығының меншігінде. Жалпы мал саны – 2020, МІҚ 4016 бас, қой – 4735 бас, жылқы – 582 бас, құс – 4345 дана болып есептелді.
Ақсай ауылдық округінде барлық егістік жер көлемі 4581 гектар, «МинАгро» порталына 100 пайыз тіркелді. Алма 31 га 100% орындалды, жайылым жер көлемі округ бойынша 1416 га «МинАгро» порталына тіркеу жұмыстары жүргізілді.
Суғармалы жер көлемін ұлғайту мақсатында Ақсай ауылдық округі бойынша екі су тоғаны «Жамбыл су қоймалары» мекемесінің теңгеріміне берілді. Қайрат және Шетбұлақ тоғандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аталған мекеме тарапынан жобалық-сметалық құжаттары жасалынып, қаржыға сұраныс берілген. Ақсай каналына қарасты №3, №4 су каналдары теңгерімге алынды. Биылғы жылы көктемде механикалық отрядтың мамандары тарапынан жөндеу жұмыстары жасалынатын болады. Бұл жұмыстарға қаржы қарастырылды.
Техникаларды жаңарту мақсатында 2019 жылы «Азамат» шаруа қожалығының жетекшісі Әлімбек Пошқаев 7 млн 888 мың теңгеге «МТЗ-89-2» тракторын және 2 млн 800 мың теңгеге шөп турағыш тіркемесін алған болса, биылғы жылы Қайрат ауылының тұрғыны Бұрылсын Әбдіраймова «МТЗ- 82.2» тракторын қосымша жабдықтарымен сатып алды.
Ауылдық округ аумағында екі ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс атқарады. Биылғы жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша тағы бір ауыл шаруашылығы кооперативі ашылып, алдағы уақытта несие беріледі деп күтілуде. Қазіргі күні несие аламын деуші азаматтардың тізімі жасақталып, кооперативке қажетті техникалардың тізімі нақтыланды.
-Тұрғындармен қаншалықты етене араласып жұмыс жасаудасыздар? Олар негізінен Сіздерге қандай мәселелермен, өтініштермен қайырылады?
-Бізге тұрғындар көптеген мәселелермен, өтініш-тілектермен келеді. Олардың тарапынан түскен өтініштерді қараусыз қалдырмай, уақтылы жауап беруге тырысамыз. Осы ретте, Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілері туралы» Заңының талаптарына сай түскен өтініштер мен арыз-шағымдардың қаралу тәртібі Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның талаптарына сәйкес жүргізілуде. 2019 жылы жеке тұлғалардан 42, заңды тұлғадан үш өтініш уақтысында өз шешімдерін тапқан. Қаралған барлық өтініштер «Айқын» бағдарламасына енгізілген.
Ауылдық округ әкімі 2019 жылы 28 шешім, 146 өкім шығарса, биылғы жылдың 3 айында 15 шешім, 29 өкім шығарылды. Жалпы тоқсан сайын жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылады. Атқарылған жұмыстардың есебі мен өткізген жиындар мен кеңестердің, іс-шаралардың, хаттамалары уақтылы жазылып тиісті жоғарғы органдарға тапсырылуда. Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы сақталады. Облыстық және аудандық әдеп уәкілінің байланыс телефоны жазылып, көрнекі жерге ілінген. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жоспары мен құзырлы органдардың сенім телефондары жазылған стенд бұрышы орнатылған.
-Өткен жылы округте қандай жұмыстар атқарылды?
Қазақстан Республикасының «Салық кодексі» негізінде аппарат қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі – аудан бюджетін тұрғындар есебінен төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер арқылы толтыру. Округ бойынша 2019 жылдық жоспары бойынша төлем көзінен төленуге жатпайтын кірістер бойынша жеке табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы жиналып, жоспар толығымен орындалды.
Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы берген тізімде Ақсай ауылдық округі бойынша 2019 жылға көлік салығын төлемеген борышкерлердің берешек сомасын өндіру мақсатында ауылдық округтің бас маманы, аудандық кірістер басқармасының маманы және жеке сот орындаушы бірігіп, үй-үйді аралап хабарлама қағазы таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға округтегі О.Тәукебай көшесін жарықтандыру, А.Байтұрсынов көшесін аббаттандыру, Қайрат ауылына арка істеу, Диқан ауылы Ы.Байділдә көшесін асфальттау, Диқан ауылының бейітін қоршау жұмыстары, Қайрат ауылында «Street Workout» алаңы жасалынды. Сонымен қатар, Қайрат ауылының Абай көшесіне газ құбырларына жөндеу жұмыстары, Т.Рысқұлов көшесін аббаттандыру, Қайрат және Диқан ауылдарының атауын жасату, «Шапағат» балабақшасына пандус орнату, «Мөлдір бұлақ» бөбекжай-балабақшасына пандус жасау жұмыстары жасалынды.
Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек 92 отбасының 572 адамына жәрдемақы тағайындалып, 75 млн 905 мың теңге және тұрғын үйге арналған жәрдемақы 14 отбасы 100 адамға 422 мың теңге төленді.
Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген азаматтардың 26-ы қоғамдық жұмысқа тартылды. 17 жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша қабылданды. Қысқа мерзімді кәсіптік қайта даярлау курсына жоспар бойынша 12 азамат берілген, орындалуы 13 азамат оқыды. Әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру бойынша жоспар 10 орын, орындалғаны 10 орынға жұмыссыз азаматтар орналастырылды.
«Серпін» бағдарламасы бойынша Қайрат ауылының тұрғыны Әділ Сағымбеков отбасымен Павлодар облысының Май ауданына қоныс аударып, медицина саласында жұмыс атқаруда.
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, 2019 жылғы көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке шақырту жұмыстары бойынша қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің берген тізімі бойынша және тізімнен тыс көктемгі шақырту мерзімінде үш азамат, күзгі шақырту мерзімінде алты азамат әскер қатарына алынып, барлығы округ бойынша тоғыз азамат Отан алдындағы борышын өтеуде.
Қайрат ауылының тұрғындарына медициналық қызмет көрсету аудан орталығына іргелес орналасқандықтан аудандық емханада екі дәрігер, алты медбике қызмет көрсетуде. Диқан ауылындағы медициналық пунктте бір медбике жұмыс істейді.
Өздеріңізге белгілі, былтырғы жыл «Жастар жылы» болып бекітілген болатын. Ақсай ауылдық округінде 14-29 жас аралығында 640 жас азамат тіркелген. Оның ішінде экономикалық белсендісі 163, қалғаны білімгерлер мен оқушылар. Жастарды қолдау мақсатында берілген кәсіптерін ашуға барлық мүмкіндік беріліп, әрдайым бақылауда болды. Нәтижесінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан берілген «Бизнес-Бастау» бағдарламасы аясында 32 жас азамат пен азаматшалар ешкі өсіруге, құрамажем өндіруге, қызыл ірімшік, дәнекерлеу жұмыстары және т.б. кәсіпкерліктің түрі бойынша 505 мың теңге қайтарымсыз несие алып, аудан экономикасына өз үлестерін қосуда.
-Округте тұрғындар игілігі үшін атқарылатын жұмыс жоспарларыңызбен де бөлісе отырыңыз.
– Ақсай ауылдық округі бойынша 2020 жылы аудандық бюджеттен мынадай жобалық-сметалық жұмыстарға қаржы қарастырылып, атқарылатын болады. Мәселен, Қайрат ауылы Ә.Молдағұлова көшесіне ағымды жөндеу жұмыстарына 3 миллион теңге, «Шапағат» балабақшасына кәріз жүйесін жасау жұмыстарына 801 мың теңге, «Мөлдір бұлақ» балабақшасының қосымша ғимаратына ағымды жөндеу жұмыстарына 3 млн 338 мың теңге, Ақсай ауылдық округі теңгеріміндегі №3,4 каналдарды тазалау жұмыстарына 5,0 млн теңге, Б.Момышұлы атындағы саябақты аббаттандыру жұмыстарына 5,0 млн, Қайрат ауылы А.Байтұрсынов көшесін жарықтандыру жұмыстарына 2 млн 730 мың теңге бөлінді.
Ауылдық округ бойынша тек аудандық бюджет қаражатына үміт артпай, демеушілерді тарта отырып жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға қайырымдылық шаралары үнемі жасалып отырады.
-Әңгімеңізге рақмет! Алда атқарар жұмыстарыңызға табыс тілейміз.

Сұхбаттасқан
Айгүл Қалымханқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close