Basty bet
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» қабылданды. Кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны –Қазақстан Республикасына қалтқысыз, әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі 5 тараудан тұрады. Онда мемлекеттік қызметшінің қызметтік қатынастардағы және одан тыс уақыттағы, яғни көпшілік алдында, бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу кезіндегі стандарттары қарастырылған. Соның ішінде мемлекеттік қызметшінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына тоқталатын болсақ:
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
• жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке нұқсан келтіруге әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтардың құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауына жол бермеуге тиіс.
Сондықтан, жоғарыда аталған кодекстің талаптарын қатаң сақтап, мемлекеттік қызметшілер жоғары лауазым иесі екенін дәлелдеп, барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметке жұмсап, Отанымыз-Қазақстан Республикасының игілігін арттыруға арнауымыз қажет.
Салтанат Каукаева,
аудан әкімдігінің
білім бөлімінің бас маманы