Basty bet
Жедел жұмылдыру арнайы тобының атқарған жұмыстары
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аймағы бойынша енгізілген төтенше жағдайды қамтамасыз ету, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және онымен күресу мақсатында Жуалы ауданы әкімінің 2020 жылға 19 наурыздағы «Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмаудың алдын алу профилактикалық шараларды күшейту туралы» №15ө өкіміне сәйкес, аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің «Жасыл-Жуалы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК 2020 жылдың 20 наурызында «Коронавирус пандемиясы төтенше жағдайы кезінде жедел жұмылдыру арнайы тобын құру туралы» №3 бұйрығы шығарылды.
Аталған бұйрыққа сәйкес, індеттің алдын алу және болдырмау мақсатында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорын базасында екі дана техника арнайы жабдықталып шығарылды. Олар: «ЗИЛ МДК-433362» (поливомоечная-машина дорожная комбинированная) және «Газель» ГАЗ-330233-408» (специальная бортовая) арнайы автокөлік техникалары.
Ал, жұмылдыру топ мүшелері індетті залалсыздандыру кезінде қауіпсіздігі үшін арнайы киімдермен (сырт киім мен етік), көзілдірікпен және медициналық бетперделермен қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні аудан орталығы Б.Момышұлы ауылының коронавирус пандемиясы төтенше жағдайы кезінде залалсыздандыру жұмыс кестесіне сәйкес, барлығы 27 нысанның маңы және орталық алаң аумағы індетке қарсы және індетті болдырмау мақсатында әзірленген арнайы ерітіндімен, тұрақты түрде күніне екі мәрте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Ал ауылдық округтер бойынша үш бағыт қарастырылған:
1) Ақсай, Мыңбұлақ, Шақпақ және Билікөл ауылдық округтері аптаның дүйсенбі-бейсенбі күндері;
2) Қарасаз, Жетітөбе, Күреңбел, Боралдай және Қошқарата ауылдық округтері аптаның сейсенбі-жұма күндері;
3) Нұрлыкент, Көкбастау Қызыларық және Ақтөбе ауылдық округтері аптаның сәрсенбі-сенбі күндері.
Сонымен қатар, Түркістан облысымен шекаралық аймағына қойылған блок-бекеті маңындағы жол ортасына орнатылған металл жол бөлініс белдеулері алынып, автокөліктердің кері бұрылып шығып кетуі үшін жол кеңейтілді. Күйік-Теріс-Ащыбұлақ облыстық мәндегі автомобиль жол үстіне, яғни Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының іргесіне жолды жабуға блок қойылып, жүруге тыйым салынған жол белгісі орнатылды.
Жуалы ауданының аумағын басып өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі, республикалық маңызға ие автомобиль жолының Нұрлыкент елді мекені тұсындағы автокөліктердің кері бұрылып кетуі мақсатында жасалған жолайрығы үстіне блок-бекеті орнатылды. Көліктер мен адамдар жіті тексерілетін болады.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық мәндегі автомобиль жолының Көктөбе ауылдық округіне қарасты Аманбаев бұрылысына блок қойылып, жол жабылды және жүруге тыйым салынған жол белгісі орнатылды. Сондай-ақ, Б.Момышұлы ауылына кіреберіс аудандық деңгейдегі автомобиль жолының үстіне төтенше жағдайдың күрделенуіне байланысты дәрігерлер мен жол полиция қызметкерлерінің штабы үшін арнайы палатка тігілді. Автомобиль жолының үстіне блок-бекеттер қойылып, тиісті анықтамалық жол белгілері орнатылды.
Бақытжан Сүлейменқұл,
«Жасыл-Жуалы» МКК басшысы