Basty bet
Шаруалардың назарына
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша көктемгі егістік жұмыстарына несие алуға болатынын хабарлаймыз. Несиені «Аграрлық несие серіктестігі» арқылы алуға болады. Кепіл зат ретінде жылжымайтын мүлік қабылданады. Банктік кепілдеме қажет емес. Несие шарттары келесідей: несие көктемгі егіс жұмыстарына, 15% үстемемен беріледі. Оның 9 пайызы субсидияланып, несие алушыға 6 пайызы қалады. Несие мерзімі 12 ай. Мысалы, несиені 2020 жылдың мамыр айында алсаңыз, 2021 жылы бір төлеммен қайтарасыз.
Қосымша ақпаратты мына телефондардан
алуға болады: 2-12-69; 2-12-43.
Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі