Basty bet

Ынтымақ ұясы

«Мектеп – кеме, білім – теңіз» демекші, аудан орталығындағы еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген талай дарынды, білімді жандарды түлеткен іргелі білім шаңырақтарының бірі – №1 мектеп-гимназиясы.
№1 мектеп-гимназия 1924 жылы ашылған. 2005 жылы күрделі жөндеуден өткен. Алтын ұя мектепке 2000 жылы гимназия статусы берілген.
Білім шаңырағын бүгінгі таңда білімді де білікті, тәжірибелі маман Элмира Әбішева басқарады.

-Мектебімізде 160 мұғалім, 1571 оқушы бар. 160 мұғалімнің 21-і өзге ұлт өкілдері. Олар: орыс, украин, әзірбайжан, неміс, кәріс ұлтының өкілдері. Түрлі ұлт өкілдерінен құралған мектеп ұжымы ауызбіршілікпен еңбек етуде. Мектебімізде жаңа технологияларды жетік меңгерген білімді де білікті, тәжірибелі мамандар жетерлік. Атап айтқанда, Ж.Көбенова, М.Шалхожаева, С.Кадырова, Л.Бегайдарова, О.Цепкова, Н.Қырықбаев,А.Урджегитова, Б.Даулова, Д.Рахымбек, К.Ергебекова, Р.Есенаманов, Б.Казибаева, Б.Марасилов, Л.Кононенко, А.Бакирова, З.Убайдуллаева, Л.Беспалова, Б.Сметов, Э.Усибалиева, П.Тұрлыбекова, К.Бабаханова, З.Искакова, Г.Султашева, А.Омарова, А.Усибалиева, Н.Өтегенова, Н.Мельхер, Г.Багирова, К.Әдиева, Ж.Тоғатаева, С.Сарғалдақова, Г.Таласбекова, К.Сатарова, И.Запарова, Т.Түгелбаева, Б.Нұрманова, М.Өскенбаева, т.б ұстаздарымыз бар.
Білім шаңырағында 0-11 сыныптар аралығында 68 сынып жинақ бар. Оның 21 орыс сыныптары.
1571 оқушының 1074-і қазақ, қалғаны орыс, шешен, әзірбайжан, неміс, украин, кәріс, өзбек, беларус, қырғыз, балқар, ұйғыр, чуваш, татар, тәжік. Қысқасы, 15 түрлі ұлттың баласы бір атаның баласындай тату-тәтті, бір-бірімен түсінісіп, достасып, тәрбие-білім алуда.
Мектебіміз биылғы оқу жылына дейін 14 мектеппен серіктес болды. Биылғы оқу жылында алты мектеппен серіктес болып отыр. Бұл дегеніміз – біздің мектеп Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен серіктес болып, зияткерлік мектептің іс-тәжірибесін үйреніп, үйренген, білгенімізді аудандағы серіктес мектептермен бөлісеміз. Бұл маңызды іспен негізінен Сұлташева Гүлнар Дабыржанқызы айналысады.
Сонымен бірге мектебіміздің ұстазы Айман Омарова жаңартылған білім мазмұнына байланысты әр пән бойынша бірлестік жетекшілерімен каскадты оқу әдістері бойынша жүйелі түрде семинар өткізіп отырады. Бірлестік жетекшілері әрі қарай бірлестік мүшелерімен тәжірие алмасады.
Мектеп ұстаздарының басты ұстанымы – оқушы даусына мән беру, балалардың қажеттілігіне байланысты жоспар жасау.
Мектебіміздің білім сапасына келсек, соңғы 2018-2019 оқу жылында білім саласы 73,2 пайызды көрсетті. Өткен оқу жылы 10 түлек Алтын белгімен, бір түлек үздік аттестатпен бітірді. Олар Алтын белгіге бітіргендер: Динара Құдайберген, Махатбек Ілияс, Інжу Марат, Дарина Сәбит, Мадина Сәбит, Аяулым Төлендиева, Әмина Мұратаева, Жәния Байтұрсын, Наталья Талдыкина, Шахсонам Мажитова, ал үздік аттестатпен Бақтияр Махамбетов бітірді. 9 сынып бойынша 12 оқушыға үздік аттестат берілді.
Үстіміздегі оқу жылында Диана Жұмамұрат, Аружан Өмірбекова, Ақниет Ормахан, Бақдәулет Әділхан, Бек Жақсыбай, Валентина Гринь, Зейнап Сулейманова Алтын белгіге, үздік аттестатқа Абдурашид Мешітбаев сынды үміткеріміз бар.
Ұстаздарымыз үнемі ізденіс үстінде. Әрқайсысы өз пәндері бойынша, өз сыныптары бойынша ашық сабақтар, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, оқушыларға сапалы біліммен қатар саналы тәлім-тәрбие де беріп, шығармашылық жағынан дамуына да үлес қосып келеді. Мектебімізде көптеген аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген білімді, өнерлі, спортшы шәкірттеріміз де көп,- дейді мектеп директоры Элмира Әбілқызы.
Ынтымағы жарасқан алтын ұя мектеп ұжымын Бірлік мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз!

Таңдаулы материалдар

Close