Qoǵam
Жылыту маусымы қалай өтті?
2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы маусымы барысында Жамбыл облысының энергетикалық ұйымдарында технологиялық бұзушылықтардың төмендеуі байқалуда. Алдыңғы жылдың күзгі-қысқы маусымымен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтың саны 40-тан 35-ке төмендеді.
Қазақстан Республикасы біріккен электр энергетикалық жүйесінің жұмысында технологиялық бұзушылықтар ауыр салдар және өзгешелікке тәуелді, электр станциялары, аудандық қазандықтар, электорлық және жылу тораптары I дәрежелі істен шығу және II дәрежелі істен шығу, аварияларымен жүйеленеді.
Алайда, 2018-2019 жылдардың және 2019-2020 жылдардың жылу беру маусымдарында энергетикалық мекемелерде I дәрежелі істен шығу, ауыр зардабымен апаттар тіркелмегенін айта кеткен жөн.
«Жамбыл электр жүйелері» ЖШС-де II дәрежелі істен шығу саны ең көп анықталды. Дегенмен, 2018-2019 жылдарғы жылыту маусымында олардың саны 38 болса, 2019-2020 жылдарғы жылыту маусымында 34-ті құрғанын атап өтуге болады. Бірақ электр энергиясын жеткіліксіз беру 28,718 мың кВт*сағаттан 53,665 мың кВт сағатқа дейін артты. II дәрежелі істен шығудың негізгі себебі, бөгде тұлға мен ұйымдардың әсері салдарынан кәбілдік және әуе желілерінің бұзылуы болып табылады, сонымен қатар ауа райының жағдайы да бар.
«Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-ның II дәрежелі істен шығу саны 2-ден 1-еуге дейін азайды.
2019-2020 жылдардағы жылыту маусымында жазатайым оқиға орын алған жоқ.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ энергетикалық объектілерде жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді. 2019-2020 жылдары аймақтағы энергия ұйымдарымен жылыту кезеңінің өтуі және жөндеу науқаны жөнінде бірқатар селекторлық кеңестер өткізілді.
Энергия ұйымдары Қазақстан Республикасында болған жазатайым оқиғалардың жартыжылдық талдауын пысықтап отырады.
Ерікбай НАРМҰРАТОВ,
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ басшысы