Qoǵam

Полиция ардагеріне құрмет көрсетті

Көбен Тіленшиев 1922 жылы Жуалы ауданының Шыңбұлақ ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1942-1946 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 24 жасында КСРО ІІМ Алматы жоғары милиция мектебіне оқуға түсіп, оны 1948 жылы бітіріп шыққан. Сол жылы ішкі істер органдарында қызметке араласып, 1980 жылы милиция подполковнигі шенінде штаттан тыс күзет бөлімінің бастығы қызметінен зейнетке шыққан. Көбен Тіленшіұлы 2013 жылы 81 жасында өмірден озды.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай аудандық полиция бөлімінің басшылығы бөлімнің және ішкі істер органдары ардагерлері атынан соғыс және ішкі істер органдары ардагері, бүкіл саналы ғұмырын азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық мүлікті күзетуге арнаған Көбен Тіленшиевтің отбасына арнайы барып, ардагердің жесірі Орынтай апайға мерекелік медаль мен ақшалай сыйлықты табыс етті.
«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close