Basty bet

120 тұрғынға ауызашар ұйымдастырды

Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімі Нарбай Ергебеков ораза ұстаған 120 тұрғынға арнап ауызашар ұйымдастырды. Оған барлық ауылдық округтен тұрғындар қамтылды.
Аудан әкімі бастаған аудан басшылары «Несібелі» мейрамханасына жиналып, аудан имамы Нұрлан Әмірбаев құран оқыды.
Аудан басшысы Нарбай Әбілқасымұлы барша жуалылықтарды Рамазан айымен құттықтайтынын жеткізді.
-Рамазан айы – рухани жаңару айы. Мұсылман қауымның бес парызының бірі – ораза ұстау. Ай бойы жасаған құлшылықтарыңыз бен игі амалдарыңыз қабыл болсын!
Биыл Рамазан айы елімізде жүріп жатқан індетпен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл қиындықты қанымызда бар жақсы қасиет – сабырмен, ауызбіршілікпен еңсеретінімізге сенімдімін.
Еліміздің ырыс-берекесі арта берсін!
Ауызашар қоржыны ауылдық округ әкімдері арқылы таратылды.

«Жаңа өмір» – ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close