Basty bet

Боралдайдың тұрғындары енді таза ауызсу ішеді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы халық пен азаматтық қоғам өкілдерінің көңілінен шықты. Аталған жылдың басқұжаты саналатын Президент Жолдауында алдымызға айқын мақсаттар мен міндеттер қойды. Осы ретте, халық үніне құлақ асатын мемлекетті қалыптастыру жолында Боралдай ауылдық округінің мемлекеттік қызметкерлері тұрғындармен етене араласып жұмыс істеуде.
Боралдай ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады. Атап айтқанда, Көлтоған ауылында 1275, Ертайда 732, Рысбек батыр ауылында 475 адам. Округте барлығы 2482 адам тұрады, аула саны 458. Үш орта мектеп, бір клуб, бір мәдениет үйі, үш кітапхана, екі балабақша жұмыс атқаруда.
Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты өз жұмыстарын «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және басқа да қолданыстағы заңдылықтарды басшылыққа алып, тоқсандық жұмыс жоспарлары негізінде атқарып отыр.
Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң талаптарына сәйкес орындалуда.
2019 жылы 12 айға жалпы 23 жазбаша, ауызша өтініш-шағымдар түскен. Олардың барлығына уақтылы жауаптар берілді. Өтініш-шағымдардың сипатына келер болсам, жер учаскелерін алу үшін және өздері пайдаланып жатқан жер учаскелеріне техникалық тексерістен соң шешім шығару, сонымен қатар, басқа да мәселелер. Ауылдық округте Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3-бабына сәйкес нормативтік-құқықтық актілер сипатындағы мәселелер бойынша 16 шешім, 106 өкім шығарылды.
Жеке тұлғалардан мүлік және жер салығын жинау аппарат қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі екені белгілі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша төртінші деңгейлі ауыл әкімдерінің кіріс бюджеттері бойынша салықтар 100 % орындалды.
Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен кейінгі жылдары халықтың әл-ауқатын көтеру, жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осы ретте ауылдық округтегі әлжуаз топтағы жекелеген азаматтарды, отбасыларды әлеуметтік қорғау мәселесі де аса маңызға ие болып отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қарашадағы №1092 қаулысымен бекітілген «Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар» туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 Заңын іске асыру жөніндегі шараларға байланысты көпбалалы 84 жанұяның құжаттары құзырлы мекемеге өткізілді. 9 өтініш тоқтатылып, 6 жанұя қаражаттарын қайтаруға берілген, 11 өтініш бойынша отбасылық кірістеріне байланысты қанағаттандырылған жоқ. Нәтижесінде барлығы 58 өтініш мақұлданды.
Білім саласына келер болсақ, округте жалпы оқушылар саны 469. Оқушыларға 99 жоғарғы және арнайы орта білімді мұғалімдер дәріс беруде. Мектептер бүгінгі күннің талабына сай ретке келтірілген деуге болады. Денсаулық, мәдениет, құқық қорғау салаларының жұмысында ілгерілеушіліктер бар.
Көгеріштендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары өз деңгейінде атқарылып жатыр. 2019 жылғы көктемгі және күзгі көріктендіру, көгеріштендіру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымшылдықпен жүргізу мақсатында ауылдық округте ұйымдастыру іс-шаралары жасалды. Ауыл тұрғындарымен және көше өкілдерімен бірлесе ауыл бойынша санитарлық-тазалық, көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстарын атқарылу барысында тұрғындардың сенбіліктерге қатысуы белсенді болды деуге болады. Нәтижесінде, күл-қоқыстарды тазарту жұмыстары атқарылды.
Ел экономикасындағы негізгі жетекші салалардың бірі саналатын ауыл шаруашылығы саласында да едәуір ілгерілеушіліктер байқалып отырғанын баса айтуға тиіспіз. Осы орайда Боралдай ауылдық округіндегі барлық жер қоры 21975,49 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 18367,74 гектар. 9070 гектар егістік жердің үлесінде. 2019 жылы арпа 2420 га, күздік бидай 1100 га, мақсары 2320 га, картоп 35 га, көкөніс 41 гектарды құрады. Күздік бидай, арпа және егілген дақылдар бәрі толығымен орылып алынды. 2020 жылдың өнімі үшін 1063 гектар алқапқа күздік бидай егілді.
Мал басы саны округке қарасты шаруа қожалықтар мен ауыл тұрғындарында жылқы 860 бас, мүйізді ірі қара 3411, қой мен ешкі 16014, үй құстары 7144 басты құрайды.
Шаруа қожалықтарын ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту жұмыстарына кеңінен тоқталсам, 2019 жылы ауылдық округ бойынша «Мереке» шаруа қожалығы «Super Monkey GS» маркалы шағын жүк тиегіш, «Қасым» шаруа қожалығы «Беларус-952», доңғалақты тракторын, сонымен бірге, шөп тайлағыш, «Құтты-Орда» шаруа қожалығы «Беларус-892», тракторын, «Алим» шаруа қожалығы «Беларус-952.2» маркалы ауыл шаруашылығына ең қажетті техникаларды несиеге алды.
Ауылдық округ бойынша «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Жуалы» несие серіктестігі арқылы «Телман» шаруа қожалығы 5,95 млн теңге несиеге 200 бас қой сатып алды. Одан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Алишер Ш/Қ 12,775 млн теңге несие алып, ол қаржыға 365 бас қой алды. Сондай-ақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Кеңес», «Жалғас», «Әділет», «Әбілқайыр», «Береке-10», «Мырзан» шаруа қожалықтары қомақты несиеге қол жеткізіп, оған МІҚ және жылқы сатып алып, жұмыстарын жүргізуде. Жалпы округке тартылған инвестиция көлемі 79 миллион 620 мың теңге. Шаруа қожалықтар тарапынан ағымдағы жылы 66 тонна минералды тыңайтқыштар алынды.
Қазақстан Республикасының №407 қаулысымен бекітілген «Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардың өнімдері мен шикізаттарын алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру және қайта өндеу» ережесіне сәйкес жасалған іс-шараларға байланысты мал ауруларын болдырмау мақсатында ауылдық мал дәрігерлері мен ветинспектор әртүрлі мал ауруына қарсы жұмыстар атқаруда.
Былайғы жұртшылыққа белгілі, ауданның таулы аймағында орын тепкен Боралдай ауылдық округінің жазы қоңыр салқын, қыс мезгілі қатал болып келеді. Сол себептен округте қыс маусымына дайындық аса маңызға ие. Ауылдық округте үлкенді-кішілі 15 мекеме жұмыс істейді. Олардың бәрі дерлік қатты отынмен жылытылады. Дәлірек айтқанда, өткен жылы округке қарасты мекемелер қыс маусымына толық дайындықпен кірді. Ауылішілік жолдарды қардан тазалау жұмыстарын атқару үшін «Жасыл Жуалы» мекемесімен келісім шарт жасалынды.
2019 жылға «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде 2096,0 мың теңгеге Көлтоған ауылындағы Қасым Ералиев көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, Жамбыл көшесіне «Қайырбек» ШҚ басшысы С.Қайырбеков өз қаражатына жарықтандыру жұмыстарын жүргізді.
Елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру бағдарламасы бойынша Көлтоған ауылына «Street Workout» 1339,09 мың теңгеге спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілді. Ертай ауылы Е.Оразалиев көшесін абаттандыру жұмыстары, аталған ауылдың балабақшасын және ардагерлер саябағының алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қомақты қаржыға Ертай ауылындағы Л.Көпбаев көшесінің 0,9 шақырым болатын жолына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Елді мекендерді сумен жабдықтауға бағытталған жұмыстар ретінде Көлтоған ауылындағы дренаж каналдарын ағымды жөндеуден өткенін, «Көлтоған» су тоғанын ағымды жөндеу жұмыстарының жүргізілгенін айтуға болады.
2020 жылы атқарылатын жұмыстарға келер болсам, Көлтоған ауылына ауыз су жүргізу жұмыстары сәуір айынан басталып кетті. Бұл ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы болатын. Құрылыс жұмыстары сәтімен басталып, Қазіргі таңда ауылдың ішінде құбырлар тартылып, басқа да жұмыстар қызу жүруде. Аталған жұмыстарды «Ақмешіт мелиорация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп аталатын Қызылорда қаласынан келген мердігер компания атқару үстінде. Сонымен бірге, ауылдағы көше арықтарын тазалау, «Боралдай» бөбекжай-балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылмақ. Одан бөлек, «Жастар аллеясы» салынатын болады.
Ағымдағы жылы округке қарасты Ертай ауылында да бірқатар жұмыстар атқарылмақшы. Ауылдағы Л.Көпбаев көшесі жарықтандырылып, тұрғындар көптен күткен ауыз су жүйесі жүргізіледі. Бұл жұмыстың басталып кеткенін айта кеткім келеді. Б.Ертаев және Ж.Қонашев көшелерін жарықтандыру жүргізілетін болса, Рысбек батыр ауылында канал тазалау жұмыстары атқарылады.

Ғани Қуанышев,
Боралдай ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close