Qoǵam

Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін әкімшілік құқықбұзушылықтар

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен (әрі қарай-Департамент), әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы iстердi қарауда жиі кездестіретін бұзушылықтардың бірі, ол:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағына қайшы, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікті қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысуға тең мүмкіндіктер берілмейді.
Яғни, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысуына шектеу қойылып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беріледі.
Аталған бұзушылықтар лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің (әрі қарай-Кодекс) 207-бабының 11-бөлігіне сәйкес бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019 жылы Департаментпен жоғарыда аталған бұзушылықтар бойынша 538 әкімшілік істер қаралып, жалпы сомасы 56,1 млн. теңгеге айыппұл салынды.
2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Департаментпен жоғарыда аталған бұзушылықтар бойынша 38 әкімшілік істер қаралып, жалпы сомасы 5,7 млн. теңгеге айыппұл салынды.
Бұдан басқа, жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі болып табылады.
Көп жағдайда мемлекеттік мекемелер жосықсыз қатысушы деп тану үшін және тұрақсыздық айыбын өндіру үшін сот органдарына жүгінген жағдайда сот органдары жүгіну мерзімі өткенін негізге ала отырып, талаптары қанағаттандырылмай қалады немесе ішінара қанағаттандырылады.
Алайда, лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беруі, ол әдейі немесе қасақана сотқа жүгінбеуі, әлеуетті өнім берушілерді яғни, ірі компаниялар және ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестерді жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмей, келесі мемлекеттік сатып алуға қатысуына шектеу қойылмайды.
Аталған бұзушылықтар лауазымды тұлғаларға Кодекстің 207-бабының 10-бөлігіне сәйкес 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019 жылы Департаментпен Кодекстің аталған бұзушылықтар бойынша 745 әкімшілік іс қаралып, жалпы сомасы 11,2 млн. теңгеге айыппұл салынды.
2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Департаментпен Кодекстің аталған бұзушылықтар бойынша 60 әкімшілік іс қаралып, жалпы сомасы 3,3 млн.теңгеге айыппұл салынды.
Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе, мекеме басшылары мен қаржы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында оларды уақтылы түзеуді, өз қызметтерінде тиісті заңнаманы дұрыс қолдану қажеттілігі туралы тағы еске саламыз.
Алмас Дүйсенбаев,
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит
Департаментінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close