Basty bet
Тағайындау
Жуалы ауданы әкімінің өкімімен Қалмырзаев Ернұр Маратұлы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Қалмырзаев Ернұр МАРАТҰЛЫ
1986 жылы туған, білімі жоғары. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 2009 жылы «Есеп және аудит» және 2017 жылы «Техника және технология» мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласында ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінде қаржы-шаруашылық кедені бақылаушы механик болып бастаған.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астана қаласы мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының әлеуметтік сақтандыру бөлімінің біліктілігі орта деңгейлі санатсыз уақытша маманы, 2011 жылы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ ҚБ ақпарат жинау және өңдеу жөніндегі сарапшысы, КҚ РҚ «Жас Отан» ЖҚ менеджері, 2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Құрылыс саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік еңбек инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде талдау тобының бас маманы, 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының құрылыс бөлімі құрылыс секторының бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының құрылыс бөлімі басшысының орынбасары, 2016 жылы Астана қаласы «АФ Деволмент» ЖШС маркетинг және мониторинг секторының менеджері, Астана қаласы әкімінің аппараты Жұмылдыру және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы, Ақмола облысы Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 2017 жылы Ақмола облысы Шортанды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымында болған.