Basty bet
Оң имидж қалыптастыру – басты міндет
Халық арасында мемлекеттік қызметшілер туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін адамдардың адалдығы мен әділдігі өз жұмысына жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті болуы тиіс. Мұндай құрмет пен сенімге жету әрине оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік аздық ететіні белгілі. Одан бөлек, мемлекеттік қызметшінің жеке басының мінез-құлық мәселесі тағы бар. Мемлекеттік қызметшінің кәсібилік деңгейі мен адамгершілік қасиеттері қатар тұры шарт.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Өте жоғары кәсібилік пен этика мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшем бірлігі»,- деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда қызметкерлердің әдебі мен мінез-құлқына баса мән берілуде. Аталған қасиетке кәсіби біліктілік қосылғанда ғана мемлекеттік қызметшінің оң имиджі қалыптасады.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Жамбыл Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша облыс әкімдігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүгінгі таңда аудандағы 14 ауылдық округтің әкімі аппараттарының ғимараттарында және 39 білім мекемелерінде адалдық дүкендері ашылған. Сондай-ақ, Көкбастау, Нұрлыкент ауылдық округі әкімі аппараттарында «Сервистік әкімдік» ашылып отыр. Алдағы уақытта Ақтөбе, Боралдай, Қарасаз, Қошқарата және Шақпақ ауылдық округі әкімі аппараттарында «Сервистік әкімдіктер» ашу жоспарлануда.
Алаш арысы Әлихан Бөкейханов: «Ұлтына, жұртына қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп бекер айтпаса керек. Мемлекеттік қызметкер боламын деген азамат дәл қәзіргі уақыттан бастап әдеп кодексін оқып, өзін де осы бағытқа дағдылап әрі өзгеден үйреніп, өзгені де үйретуі тиіс. Жоғарыда айтылған мүдделерді бәрінен жоғары қойып, жауапкершілік жүгін сезініп, өзіндік міндеттемелерді адал орындауды өз міндетім деп санауы басты міндет. Қорыта айтқанда, «Ісіміз – әдетке, әдетіміз – мінезімізге» айналады.
Серік Қойбақов,
аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі