Basty bet

Цифрлық дәуірге – цифрлық кітапханамен бірге

Бүгінде біздің әрқайсымыз цифрлық технологиялардың белсенді пайдаланушысына айналудамыз. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ел Үкіметінің алдына «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланып, цифрлық экономикаға көшуді қамтамасыз етуді, соның негізінде креативтік қоғам құру міндеттерін қойып отыр.
Жаһандық цифрлық даму жағдайында кітапханалар мен ақпараттық орталықтар жаңа білімдер мен инновацияларды туындату орталықтарына айналуы, рухани-мәдени жағынан дамыған жаңа буынды тәрбиелеуі, сонымен қатар халықтың ақпараттық сұранысын қамтамасыз етуі тиіс. Осы стратегиялық міндеттерді шешуде цифрлық ақпараттандырылған орталықтар да маңызды рөл атқарады, олар жаңа буынды инновациялық кітапханалар болуы тиіс.
Жуалы ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бүгінде 17 ауылдық кітапханадан, атап айтқанда, аудандық орталық кітапханадан, Көлбастау, Қарасаз, Бақалы, Нұрлыкент, Қошқарата, Бәйтерек, Кәріқорған, Көктөбе, Күреңбел, Талапты, Ақтөбе, Қарабастау, Көлтоған, Жаңаталап, Тәттібай Дүйсебай, Сұрым ауылдық кітапханаларынан цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылған.
Биылғы жылы үш ауылдық кітапханалардан, яғни Боралдай ауылдық округіндегі Ертай, Көкбастау ауылдық округіндегі Қосбөлтек, Жетітөбе ауылдық округіндегі Қоңыртөбе ауылдық кітапханаларынан цифрландырылған ақпараттық орталық ашу жоспарлануда.
Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты аудандық, ауылдық кітапханаларда өткізілетін көпшілік іс-шаралар онлайн форматқа көшіріліп, «Facebook» «Instagram» әлеуметтік желілердегі парақшаларға жүктелуде. 16 наурыз – 17 маусым аралығында 239 мәдени іс-шара онлайн өткізіліп, 19066 лайк басылып, 1538 пікір, 25328 қаралым, 341 адам қамтылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері өңірлердегі кітапханаларда барлығы 322 онлайн іс-шара ұйымдастырылып, өткізілген. Аталған онлайн мәдени шаралармен 1549 адам қамтылып, 242 мәрте қаралып, оларға 5893 лайк басылып, 103 пікір қалдырылған. Атап айтсақ, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Абай мұрасын дәріптеп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Абай жүрген ізбенен», «Абай жолы – тәрбие көзі», әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ғұламаның өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, жан-жақты ерекше тұлға болғандығын насихаттау мақсатында «Ұлы ойшыл, ғұлама – әл-Фараби» «Әл-фарабидің даналық негіздері», «Шығыстың ғұлама ғылымы», Алтын Орданың құрылғанына 750 жылдығына, Б.Момышұлының 110 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына онлайн-оқулар, онлайн-бейнетүсірілім, әдеби алаң, библиопост және т.б. көптеген іс-шаралар болып өтті.
Бүгінгі күнде өңірлердегі цифрландырылған ақпараттық орталықтардың мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін атқаруда. Олар Халыққа қызмет көрсету» орталығының мамандарынан арнайы дәріс алып, оны өздерінің күнделікті тәжірибесінде қолдануда. Цифрландырылған ақпараттық орталық ауыл тұрғындарына Интернет және Wi-Fi желісіне, е.gov kz порталы қызметтерінің 18 түрін, цифрландырылған ақпараттық орталық сайты арқылы түрлі сұраныстарды беріп отырады.
Қазіргі таңда аудан бойынша е.gov.kz порталы қызметі бойынша 1 826 анықтама берілді, цифрландырылған ақпараттық орталық сайты арқылы 1 100 сұраныс қанағаттандырылды.
Цифрландырылған ақпараттық орталықтарды материалдық-техникалық жағынан нығайту мақсатында барлығы 70 дана компьютер, 10 дана ноутбук, 8 дана теледидар, 16 дана көпфункциялық құрылғы, 78 дана оқырман үстелі, стеллаждар, принтерлер, орындықтар, компютерлік үстелдер, антивирус бағдарламасы, Wi-fi құрылғысы, жұмсақ жиһаздар және т.б. заттар сатып алынды.

Салтанат БІЛӘНҚЫЗЫ,
аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры

Таңдаулы материалдар

Close