Basty bet

Комиссия әділ шешім шығарды

Әлеуметтік желілерде жарияланған Жуалы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкері Фарида Жанбатырованың өтініші бойынша ішкі тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия жіберілді.
Комиссия құрамына облыстық денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері және қоғам өкілдері енген. Комиссия мүшелері медицина қызметкерлерімен, медициналық мекеме ұжымымен жеке кездесулер өткізіп, сондай-ақ анонимді сауалнама жүргізді.
Комиссияның алдына айтылған барлық фактілерді объективті және бейтарап түрде анықтау, емдеу мекемесі қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдау міндеті қойылды.
Қызметтік тексерістің алдын ала нәтижелері бойынша Ф.Жанбатырованың кейбір дәлелдері расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған ең алдымен емдеу мекемесі басшылығының өзінің кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарауы әсер еткен.
Жіберілген бұзушылықтар үшін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Алпысбай, бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары А.Байтореев қызметінен босатылатын болады. Сондай-ақ, Жуалы ауданының әкімі Н. Ергебековке сөгіс жарияланады.
Істің барлық материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Жамбыл облысы
әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close